Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 09:28

Біздің міндет – мінсіз қызмет

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеттері – қоғамдық тәртіпті күзету, көше және тұрмыстық деңгейдегі қылмыспен күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда ұсақ бұзақылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру. Осы салада біздің ауданымыздағы атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында Еңбекшіқазақ АПБ Жергілікті полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Бағдат Жақыпбаевпен тілдестік.

Ауданымыз жер көлемі мен халық саны жағынан ауқымды болғандықтан, жергілікті полицияның да жұмысы қиындық пен күрделілікке толы екені белгілі. Подполковник Бағдат Еркінұлы 1 қазан мен 1 қараша аралығындағы аудан көлемінде атқарылған «Учаске» аталған Жедел профилактикалық іс-шараларға тоқталды. Тексерілген нәтижеге сүйенсек, 8358 көпқабатты, 38585 жеке үйлер тексеріліп, заңсыз жалға беріліп келген 19 пәтер анықталды. Бұдан бөлек 11010 саяжай үйлері, 1222 шаруашылық қожалықтары, 128 сауда үйлері тексерістен өтіп, тұрақты тұрағы жоқ 5 адам қабылдау орталығына жіберілгенін мәлімдеді.

– Заңды әрі заңсыз да қару ұстап жүрген азаматтардың бары жасырын емес. Қару бар жерде кез келген сәтте қауіп те бар. Нақты мәліметтерге жүгінетін болсақ, кейбір қылмыстық фактілердің туындауы да заңсыз қару сақтаудың зардабынан келеді. Аталған мәселе бойынша азаматтық айналымда тіркелген 3252 қару иелері тексерістен өткен, – дейді Б.Жақыпбаев.

Күздің соңғы айлары аңшылықтың белең алатын кезеңі болғандықтан, осы бағыттағы шараларды да мәлімдегенді жөн санадық.

– «Браконьер» Жедел профилактикалық іс-шара бойынша 20 қазан мен 19 қарашаға дейін аудан көлемінде заңсыз аң аулаумен күресу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі күнге дейін заңсыз аң аулағаны үшін 20 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Шелек өңірінде Қызыл кітапқа енген жануарды үйінде ұстаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деді подполковник Б.Еркінұлы.

Жалпы, қазан мен қараша айларының аралығында 4336 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 386 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет