Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 17:23

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының сайлаушыларымен кездесті

Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен бірқатар кездесу өткізді.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері ел өңірлерінде сайлаушылармен 13 мыңнан астам кездесу өтті. Олардың басты мақсаты – кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бастамаларын тұрғындарға жеткізу.

Екібастұз қаласында РҚШ мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.

«Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн»,- деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Павлодарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары трамвай басқармасы мен электролиз зауытының ұжымдарымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы жаңа өңірлік саясатқа арналған бөлімі талқыланды.

Бұдан соңДостық үйінде штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады.«Торайғыров университетінде» ғылыми қоғамдастық өкілдері сайлауалды бағдарламада көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын қарастырды.

Жастар белсенділерімен кездесуде РҚШ мүшелері – жастар саясатындағы, ал кәсіпкерлерімен жүздесуде экономика саласындағы сайлауалды бастамаларға тоқталды.

Осы күні Павлодардағыкандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Асхат Оралов өңір тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстармен және тілектермен танысты.

Жалпы, Бүгін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының Ақсу, Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Баянауыл, Железин, Успен және т.б. аудандарында сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізді.

Оқылды 285 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет