Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 16:39

Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды

Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында белгілі болды. ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады.

Дөңгелек үстел барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткен. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді.

«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгі жиында «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсындым. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған сұрақ тыңдалуы тиіс», - деп жеткізді Қ.Әбден. Үміткердің айтуынша, балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік сұрақтар мен ұлттық, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі себеп. 

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Оқылды 366 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет