Жұма, 30 Қыркүйек 2022 09:40

Ардагерлер балық аулаудан бақ сынады

Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қарттар күніне орай ардагерлер арасында балық аулау спорт түрінен аудандық жарыс өтті. Аталған балық аулау сайысына Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтанбай ата Жарықбасов және өзге 11 зейнеткер қатысып, көлге қармақ тастады.

Күн ұясынан көтеріле бастағаннан-ақ қармағын асынып, ардагерлер уағдаласқан орынға жинала бастады. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, балық аулау бәсекесіне қызу дайындықпен келген бәрі. Қарттардың таза ауада демалып, саламатты өмір салтын ұстануына негізделген бұл үрдіс тек өткен жылдары  індеттің салдарынан өткен жоқ. Қалай десек те, жасы егде тартқан қарияларға зілтемірді көтеріп, қашықтыққа жүгір деу әбестік болар. Олар үшін таптырмас спорт – балық аулау. Қазақ – қариясын сыйлаған халық. Қарияның батасынсыз қазақ қоғамында қордалы байламдар жасалып, іс басталмаған. Атам заманнан бері келе жатқан игі дәстүр бұл. Сол дәстүрдің аясында бастау алған балықшылар сайысы ардагерлердің батасымен басталып, түрлі марапатпен қорытындыланды. Шара соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов балық аулауға қатысқан барлық ардагерлерге алғыс білдірді.

Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 772 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет