Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022 11:11

Балалар жылына ғажайып тарту

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.  Жыл басынан бері елімізде осыған орай көптеген шаралар жүзеге асып келеді. Қаракемер ауылдық  мәдениет үйі де ауқымды шарадан қалыс қалмай, балаларға базарлық жасады.

«Қаракемер балалар театры» 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл театрды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асқар Наймантаев ашқан  еді. Ол театрға үнемі қол ұшын беріп, білгенін үйретіп, балаларды өнерге баулып жүр. Осы театр босағасынан мектеп бітіріп, үлкен өнер жолына түскен  жастар да бар. Енді, міне, жаңа буын тағы да ауыл сахнасына шығып, ата-аналары мен достарын, балабақшадағы іні-қарындастрын жаңа қойылыммен қуантуда.

Қазақ театрының тарихында ерекше орын алатын, белгілі режиссер Қадыр Жетпісбаевтың «Бала мерген» атты пьесасын Қаракемер мәдениет  үйінде жұмыс істеп   жатқан «Zhastar» спорт-өнер орталығының драма үйірмесіне қатысып жүрген балалармен Асқар Наймантаев қызықты ертегіні сахнаға шығарды. Есік өңірінде Алтын адам табылғаны көпшілікке аян. Осы ертегінің бас кейіпкері Бала мерген сол Алтын адамның бала кезі деп шешкен екен режиссер. Бұл шешім көрерменнің көңілінен шығып, кеуделеріне мақтаныш сезімін ұялатты. Ертегіде Бала мергенге қосылып Төрт құлақ хан мен оның Мыстан бастаған қалың қолына қарсы тұрған Қабыл тыңшы, Дабыл балуан, Ақбалдақ әже, Аққанат ару сынды ержүрек топтың іс-әрекетіне залда отырған сәбилер мен үлкендер риза болып, қайта-қайта қол соғып, бірге  уайымдап, бірге қуанып отырды. Спектальге мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова бастаған барлық қызметкерлер атсалысқан. Әлишер Көбенқұл режиссердің көмекшісі, Жарқын Барақбаев жарық, дыбыс беру жұмысын қолға алып, Абылай Қырғызбай өзі балалармен бірге Өгіз балуанды сомдап шықты. Билерін қойған үйірме жетекшісі Нұргүл Сегізбаева, суретшісі Әлия Асылбаева, үйірме жетекшісі Әсел Салық. Басты рольдерде ойнаған Мұрат Төремұрат, Назира Қайратқызы, Айнұр Оразымбет, Айдана Еркінбай, Мейрам Меркібай, Дәурен Еркінбай, Луиза Ұзақ, Жақсылық Еркінбай, Жансая Еркінбай сынды жас актерлер өздері сомдаған образдарға бар ынта-жігерін жұмсағаны шынайылығымен көрініп тұрды. Қосалқы рөлдерді ойнаған Феруза Ұзақ, Айша Қайып, Меруерт Рустам, Мадина Нұрбаева, Раяна Құрақбай, Эльнара Мажлисова, Жаннұр Ерболатқызы, Зере Ержанқызы, Айару Меркібай, Назерке Мұрат, Құралай Таңжарық сияқты қыздар сахнада ер адамдардың образын  жасап, бірі жендет, бірі күзетші  болып, Төртқұлақ ханның әскері болып жүрді. Образдарына берілгені соншалық, спекталь соңына дейін олардың қыз бала екенін байқалмады да. Жаңа қойылым алғашқы көрерменінің көңілінен шықты. Залда отырған әжелер қойылым соңынан сахнаға шашу шашып, балаларға батасын берді. Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова жаңа қойылымның құрметіне арнайы тәтті сыйлық жасады.

Көрермендер «Балалар жылында»  жас таланттарға мүмкіндік берген ұйымдастыру-шыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Назерке ОРАЛБЕК,

арт менеджмент маманы.

Оқылды 923 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет