Жұма, 04 Наурыз 2022 12:36

Өңірлік жыр мектебі — ұлттық тәрбиенің тамыры

Ұлы дала   елінің қай өлкесінде болсын алтын балық үйіріндей жыршылардың ұлы мектебі, дәстүрі бар. Ұлттық сана мен тілінің, мәдениеті мен тарихының, тағдыр-талайы мен заманының айнасындай халық эпостарын орындаушы – жыршылардың өнегелі өнері мен дәстүрі одан әрі тамырланып, өркен жайса, рухани жаңарудың нақты, жанды көрінісіне айналар еді.

Жақында Қаракемер ауылдық округінің мәдениет үйінде белгілі жыршы Серік Сүйіндікпен «Өңірлік жыр мектебі – ұлттық тәрбиенің тамыры» атты кездесу өтті. Аталған рухани шараға актер, режиссер, сатирик, Қазақстанның мәдениет қайраткері Асқар Наймантаев, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары  Досым Зікірия, мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова, сондай-ақ колледж стунденттері мен мектеп оқушылары қатысты. Тағылымды кештің беташар сөзінде Қазақстанның мәдениет қайраткері Асқар Наймантаев жыршылық өнердің  ұлт пен ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, бүгінде аталған саф өнерге селқос қарайтынымызды айтты. Сонымен бірге, сатирик кездесуге мектеп оқушыларының тым аз келгендігін, оқу орындарының шын мәніндегі руханиятқа көңіл бөле бермейтіндігін тіліне тиек етті. Кездесуде  Жетісу жыр мектебінің жанашыры Серік Сүйіндік дәстүрлі жыр айту мәнерін   қалыптастыру, балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін көтерді. Есте  жоқ ескі заманды еске салатын эпостық жырлардан үзінділер айтып, жиналған көптің айызын қандырды. 

– Жер жәннаты – Жетісу алқабының ән мен жырлары сырға толы, мұңға толы, ғажайып үн-әуезге бай. Соның ішінде, атап айтар болсақ, ерекше арна – жыршылық дәстүр. Жетісу жыршылық мектебін қалыптастырып кеткен дара-боз, жыр тарландары: Қабан жырау, Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Майкөт жырау, Құлманбет, Бақтыбай, Сарыбас, Бармақ, Кенен, Үмбетәлі, Әбдіғали сынды өнерпаздар өткен. Бұл жыршылық өнер болашаққа не береді деген сұрақ туындауы заңдылық. Жыршылық өнер  оқушыларды отансүйгіштікке, салт-дәстүрін құрметтеуге, әдет-ғұрыпты бағалауға, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Жыршылық өнердің бұлағын қанып ішкендерден  ертең сөз бастайтын шешендер, ел бастайтын көсемдер шығады. Атақты Құланаян Құлмамбет осы топырақта жатыр. Сондықтан бұл өңірде жыршылық мектепті қайта түлету қажет – дейді Серік Сүйіндік. Ал «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары  Досым Зікірия Қаракемер мен Түрген ауылдарының бірінде Құлмамбет ақынның мұражайын ашып, сол негізде жас жыршыларды баулу керек деген ойын ортаға салды. Рухани кездесуге мұрандық болған Қаракемер мәдниет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова Жетісу жыршылық мектебінің қайта түлеуіне күш салатындығын айтып, келген қонақтар мен өнерпаздарға алғыс білдірді. Өткенімізді өрнектеп, тарихымыздан тағылым айтатын, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтетін саф өнеріміздің алтын арқауы жалғаса бергей!

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1090 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет