Жұма, 22 Шілде 2022 14:46

Тұрғындар мәселесін шешу – басты міндет

Өткен аптада аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Бидаев Сөгеті, Бартоғай, Малыбай ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауыл тұрғындары қордаланған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

Еркін форматтағы жиында Нұра ауылының тұрғындары округке қатысты бірнеше мәселені көтерді. Бірінші кезекте, округке ауызсу құбырын жүргізу. Бұл ретте бүгінгі таңда ауылда ұзындығы 12 шақырымнан астам сумен жабдықтау жүйесін салуға дайындық жүргізілуде. Ауызсу жүйесінің құрылысын 2023 жылдың маусымында аяқтау жоспарлануда.

Екінші, ауылдық округтегі жайылымдық жерлер мәселесі. Қазіргі уақытта жайылымдық жерлерді рәсімдеу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Кездесу барысында учаскелік полицияға қызметтік көлік керек екенін ауыл ақсақалдары айрықша атады. Айбек Дүйсембекұлының сөзінше тәртіп сақшыларына қызметтік көлік бөлінген.

– «Ауылына қарап, азаматын таны» деген бар. Біз әр нәрсені өзімізден бастағанымыз абзал. Айталық, үйіміздің жанындағы арық жүйелерін тазалап, тұрақты сенбіліктер өткізу – әрбіріміздің қолымызда. Кез келген мәселені округ әкімі аппаратымен бірігіп шешуге біздің қауқарымыз жетеді, – деді сөз кезегін алған ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Маукен Асенов.

Кездесу соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Дүйсембекұлы тиісті сала басшыларына және ауылдық округ әкіміне жоғарыда аталған мәселелерді қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Бартоғай ауылдық округінде өткен кездесуде де тұрғындар шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерді ортаға салды. Бижанов ауылының бірқатар проблемалары көтерілді. Айталық, қоқысты уақтылы шығару, ауызсу, жарықтандыру және жайылымдық жерлер мәселесі. Бұл турасында Айбек Бидаев: «Бұл түйіткілдермен таныспыз. Оны шешу мақсатында жоспар құрылып, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда», – деді. Ал Байсейіт ауылы тұрғындарының жолдарды асфальттау туралы сұрағына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жан Құраметов жауап берді.

– Жолдарды асфальттау үшін алдымен ауыз су құбырларын жүргізу қажет. Содан кейін ауылдағы жолдар күрделі жөндеуден өтеді, – деді.

Округтегі қоқыс шығару мәселесіне округ әкімінің орынбасары Санат Нарымбаев тоқталды. Айтуынша, ауыл тазалығының сақшысы «Таза» жеке кәсіпкерлігі техникалық ақауларға байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан. Техникасы түгенделгесін жұмысын жалғастыратын болады.

Айбек Дүйсембекұлының тұрғындармен кездесуі Малыбай ауылдық округінде жалғасын тапты. Еркін форматтағы басқосуда А.Бидаев тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Жүздесу барысында ауыл тұрғындары Көктерек бөлімшесіне ауыл мәртебесін беруді сұрады. Айта кетейік, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан Көктерек бөлімшесінің тұрғындары инфрақұрылым мәселесін шеше алмай келеді. Бұл түйіткілдің түйінін тарқату үшін елді мекенге ауыл мәртебесі керек.

Сондай-ақ, малыбайлықтар аудан әкімінің міндетін атқарушыға фельдшерлік пункт ғимаратының құрылысы және суармалы су үшін төленетін төлемнің қымбаттауы, көшелерді асфальттау, жарықтандыру жұмыстары қордаланып тұрғанын да айтты.

Өз кезегінде Айбек Дүйсембекұлы қойылған сұрақтар бойынша жауап беріп, мәселелерді шешу жоспар бойынша жүзеге асатынын жеткізді. Сонымен қатар тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.

Кездесулер соңында Айбек Бидаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, ұсыныс-тілектерін тыңдады. 

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 778 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет