Жұма, 22 Шілде 2022 14:42

Қазақстанда оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту ұсынылды

Оқу-ағарту министрлігі өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейтінін атап өтті, яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.

Оқу-ағарту министрлігі құрған жұмыс тобы оқу жылын ұзартуға қатысты мамандардың ұсыныстары мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін зерделеді.
Бұған дейін сарапшылар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарау туралы өтінішпен министрлікке бірнеше рет жүгінген болатын.

Мамандар Қазақстан әлемдегі каникулы ең ұзақ (130 күн) елдер қатарына кіретінін алға тартты. Ал басқа елдерде каникул мерзімі - 80 күннен 100 күнге дейін.

Оның үстіне 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге азайды. Осылайша, орта есеппен алғанда, Қазақстандағы оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күн болса, дамыған елдерде бұл шамамен 200 күн. Сондай-ақ сарапшылар қосымша оқу апталарының қосылуы күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын атап өтті. Ал алты күн оқитын мектептер жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауыса алады.

"Оқу жылын ұзартуды қолдаушылар төртінші тоқсанды 20-25 маусымға дейін созуды және оқуды 20 тамыздан бастауды ұсынып отыр. Мамандар бірнеше жылдан бері дабыл қағып, оқушыларымыздың жазғы уақытын компьютер мен смартфондарда ойын ойнаумен өткізіп жатқанда, олардың қатарластары білім алып, оқып жатқанын айтып келеді. Олар бұған дейін де өз дәлелдерін келтірген болатын", - дейді оқу-ағарту министрлігі.

Министрлік ғалымдар, психологтар, ата-аналар мен педагогтерден құралған жұмыс тобын құрған. Халықаралық тәжірибе де зерделенді.

"Жұмыс тобы мамандардың ұсыныстарын қолдамай, баламалы ұсыныс енгізді: оқу жылының басталу мерзімін өзгертпей, оны бұрынғыдай 1 қыркүйекте қалдыру, ал оқу жылының аяқталу мерзімін 31 мамырға белгілеу. Осылайша, каникулға шығудың айырмашылығы небәрі 5 күн болады. Ал жаз басталғанда, яғни 1 маусымнан бастап балалар демалысқа шыға алады. Осылайша жаз бойы, яғни 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында балалар каникулда болады", - деп түсіндірді ведомство.

 

Дереккөз: Sputnik.kz

Оқылды 717 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет