Сенбі, 20 Наурыз 2021 14:26

«Елбасы медалі» иегерлері марапатталды

Кеше ауданымызда «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Алты ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастар арасында бәсекеге түскен 6 оқушымыз топ жарып, «Елбасы медалі» иегері атанды.
Өңіріміздің даңқын республика деңгейінде асқақтатқан дарынды түлектерімізді марапаттау рәсіміне аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев және білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова қатысты. Шарада қабілетімен топтан озған Рахат орта мектебінің оқушысы Жанерке Берік, В.Терешкова атындағы орта мектеп оқушысы Айдана Ниязалиева, И.Шорманов атындағы орта мектептің оқушысы Гүлнұр Ермаханбетова, Қорам орта мектебінің оқушысы Томирис Есенгелді, Қойшыбек орта мектебінің оқушысы Аружан Жұмабекова, Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп – интернатының оқушысы Асқар Мұқатайға «Елбасы медалі» мен аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Талантты жастарды табысымен құттықтаған Әлібек Әскербекұлы: «Бұл жүлде толағай табыстарыңыздың алды болсын! Сіздердің бойларыңызға патриоттық және белсенді азаматтық қасиетті сіңіріп тәрбиелеген ата – аналарыңызға алғысым шексіз», – деп ағынан жарылды. Елдің болашақ иелерінің жүрегіне «Елбасы медалі» жобасы асқақ арман ұялатты. Қатысушылар жоба барысында спорт, кітап оқу, волонтерлік және туристік саяхат сияқты 7 бағыт бойынша өздерін дамытты. Бақ сынаушыларға тәлімгерлер күнделікті тапсырма беріп, оның орындалуын бақылап отырды. Бұл игі жоба талай жас ұрпақтың табысты жолына бағыт беретіні сөзсіз.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 965 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет