Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында көлік соққан екі оқушының жағдайы өте ауыр. 2012 жылғы балалар ес-түссіз ауруханада жатыр.
«2012 жылғы екі қыздың жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші 2011 жылғы қыздың жағдайы тұрақты. Аяғы сынған», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Кеше, наурыздың 2-сі күні кешқұрым Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мектептен келе жатқан 4 оқушы қызды көлік қағып кеткен еді. Оның үшеуі ауруханаға түсті. Көлікті жүргізген 54 жастағы азаматтың ішімдік ішкені анықталды.
mezet.kz