Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2021 09:09

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылды

Алматы облысында кәсіпорындар жанынан 80 оқу орталығы ашылып, онда жұмыссыздарды сұранысқа ие мамандықтары бойынша оқытылды. Осылайша өндіріске қажетті мамандарды кәсіпкерлердің даярлауына мүмкіндік туды. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді.
«Өңірлік палатаның қолдауымен облысымызда 80 оқу орталығы ашылды. Олар жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие 46 кәсіп пен мамандық бойынша даярлауды жүзеге асырады. 2020 жылы оқу орталықтары базасында 2536 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті, оның ішінде 2272 адам жұмысқа орналастырылды», – деді облыстық палата басшысы.
Әсет Шаяхметов Кәсіпкерлер палатасының жүргізген сауалнамасының нәтижесі бойынша өңірде 4505 маманға қажеттілік анықталғанын айтты. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында ауыл шаруашылығы, білім беру, құрылыс және халыққа қызмет көрсету салалары бар.
«Сондай-ақ, кәсіпорындар дуальды оқыту аясында "тапсырыс бойынша" кадрларды дайындауға мүмкіндігі бар. Жалпы, дуальды оқытудың Жол картасына Алматы облысынан техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мекемелерінің 3225 оқушысы, 23 колледж және өңірдің 344 кәсіпорны 28 мамандық, 47 біліктілік арттыру курстары бойынша 9 сала енді», – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.
Оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру үшін «Тәлімгерлік мектебі» жобасы шеңберінде 55 кәсіпорынның 85 тәлімгері оқыту семинарларынан өтіп, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 30-дан астам өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары үшін облыстың жетекші кәсіпорындарының базасында тағылымдамалар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, өткен жылы өңірлік палата «Фермерлік шаруашылық», «Ветеринария», «Құрылыс» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға қол жеткізді.
Жалпы, Алматы облысында кәсіптік білім беру қызметін техникалық және кәсіптік оқытудың 76 мекемесі жүзеге асырады, оның ішінде 43-і  –мемлекеттік және 33-і – жекеменшік колледж.

Бақытгүл ДҮЙСЕБЕКОВА,
аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы

Оқылды 1319 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет