Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 16:31

ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауының мән-мағынасы өзгеше. Бұл – дағдарыс кезінде халықты біріктіретін, қиындықтан шығудың бағыт-бағдарын көрсететін құжат деп қабылдаймыз.

 

Президенттің – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Басқолбасшысының Жолдауын әскери қызметшілер мұқият тыңдады.

Жолдауды тыңдап болған соң, ондағы айтылған сөздерді ұжым болып талқылау және егжей-тегжейлі зерделеу, жыл сайынғы әдетімізге айналғаны рас. Әрбір Жолдаудың өзіндік ерекшелігі мен әскери қызметшілерге беретін әсері бар және тыңдаушы қауымның өз болашағы мен ел келешегіне деген сенімін арттыратынын атап өткен де жөн болар. Жолдау барысында көптеген мәселелер көтерілді. Соның бірі, яғни біздің әскери қызметке қатысы бар, Үкіметпен бизнес бірлесіп,агроөнеркәсіптің бесжылдық дамуы жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаның әзірленіп жатқаны.

Мемлекет басшысы Жолдауында: «Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өзіндік қамтамасыз ету» - деді. Мұны, Қазақстанның басқа елдерге тәуелді болмай, Отандық өнімді дамыту деп түсіндім. Сүт, май, нан және басқа да өнімдеріміздіелімізде өндіріп, оны өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау тапса, қандай жақсы! Бүгінгі таңда, мерзімдік қызметтегі сарбаздардың тамақтануы тендерлік жүйе арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алумен тікелей байланысты екені баршамызға мәлім. Тендерге түсуші фирманың азық-түлік және басқа да өнімдері өзінен болғаны, әсіресе олардың бағаларының төмен болуы оларға әлдеқайда тиімді. Ал, біз үшін әрбір тауардың сапалы болғаны және оның сарбаз көңілінен шыққаны керек.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың медицина саласы бойынша айтқан шешімдері мен тапсырмалары халық көңілінен шығары сөзсіз деп ойлаймын. Оған дәлел ретінде мына сөздерді алуға болады: «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы  нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.  Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталық — еліміздің бетке ұстар салалық мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Мазмұндалған ақпаратқа сәйкес, мемлекетіміздің медицина саласына көп көңіл бөлгенінтолығымен құптаймын. Әрине, дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Пандемия кезінде бастарын қауіпке тікті. Осы ретте, індеттің жауынгерлер арасына таралмауына тосқауыл қоюмен тәулік бойы арпалысып жүріп, қаза болған Ұлттық ұланның екі жас сардарын айтып өтпеу мүмкін емес. Олардың, өмірде ешқашан болмаған індетпен күресу бойынша тәжірибесінің аздығына қарамастан, Отан алдындағы борышын ерекше ынта-жігерімен орындауы, ерен еңбегі есімізде мәңгі қалатынына күмәнім жоқ.

Негізінде, пандемия уақытында біздің Ұлттық ұланда жеке құрамды медициналық қамтамасыз ету бойынша сұрақтар туындаған жоқ және ақ халатты абзал жандар әрқашан өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Ел халқының арасына жаппай індет таралған уақытта,біздің әскери бөлімнің жауынгерлерінің де еңбектерін атап өтсек артық етпес. Олар Президенттің шешімімен төтенше жағдай жарияланған уақытта Алматы қаласы мен облысының кейбір аудан орталықтарында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздіктісақтау бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырманы орындап, ауырған жандарға көмектесті.

Жалпы, Президенттің Жолдауын түсінген әрбір Қазақстан азаматы өз тарапынан білгенінше, шамасына қарай адал еңбек етіп, аянбай үлесін қосатын болса, жоспарда көрсетілген шараларды жүзеге асыруымызға ештеңе кедергі бола алмайды. Мен бұл тұжырымды әскери-патриоттық тәрбие беретін ортадағы басшылардың бірі ретінде айтып отырмын және Ұлттық ұлан жауынгерлеріалдағы уақытта да еліміздің тыныштығын күзету жолында талмай еңбек етіп, міндеттеріне адал болады деп сенемін.

 

Еркен Жанабергенов,

 6654 әскери бөлім командирі

полкковник

Оқылды 766 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет