Жұма, 26 Қаңтар 2024 11:01

Саяжай түйіткілдері депутаттар назарында

Өткен аптада Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі, VIІІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы бірқатар консультациялық-кеңесші органдардың (комиссиялар мен кеңестердің) дербес құрамын бекіту, Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы мәселелер қаралды.

Бұдан бөлек халық қалаулыларының басын қосқан жиынның күн тәртібінде Есік қаласы мен Бәйтерек ауылының саяжай алқаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірге бас жоспарын бекіту бойынша қорытынды тыңдау өтіп, депутаттар мен тұрғындар тарапынан енгізілген ұсыныстар назарға алынды. Бүгінгі таңда ауданымызда 135 саяжай бар. Жақын маңдағы 2 елді мекендердің шекарасына 44 саяжай учаскелерінің аумақтарын қосумен бас жоспарларды түзету жұмыстары аяқталды. Олар Бәйтерек ауылы бойынша 30, Есік қаласы бойынша 14 саяжай алқабы. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға бөлім басшылары мен арнайы шақырылған мекеме басшылары тиісті жауаптарын берді.

Қарастырылған мәселелерді талқылай келе, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, хаттамалық қаулы қабылдады.

Аудандық мәслихаттың кезекті XIII сессиясының күн тәртібінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала талқыланып енгізілген сұрақтар қарастырылды. Сессия отырысына мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы мен мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралып, жан-жақты талқыланғандықтан, депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылданды.

Өз тілшіміз.

Оқылды 451 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет