Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 09:38

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылдық округінің әкіміне үміткер ДАИРБАЕВ Нұрлан Әбдешұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Дайырбаев Нұрлан Әбдешұлы, 1975 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласында  дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында тұрамын.

1982 жылы Саймасай ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына бардым, 10-сыныпқа дейін оқыдым. 1992 жылы Қызылорда облысы Шиелі қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектепте 11 сыныпты бітірдім. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне агрономия мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы аяқтап, ғалым агроном біліктілігіне ие болдым.

Еңбек жолымды 1992 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Жаңашар» оқу-тәжірибе шаруашылығының өсімдік шаруашылығы бөлімшесінде қарапайым жұмысшы болып бастадым, онда шаруашылық таратылғанға дейін жұмыс істедім. 2003 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратының маманы ретінде мемлекеттік қызметке орналастым. 2005-2006 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2006-2007 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2007-2008 Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, 2010-2015 жылдары Саймасай ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары Саймасай ауылдық округінің әкімі, 2018-2021 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі болдым. 2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметіндемін.

 

Құрметті Қорам ауылдық округінің тұрғындары!

 

Мен меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің барлық мансаптық сатысынан қатардағы маманнан ауылдық округ әкіміне дейін өттім. Менің ең құнды активім – бұл менің еңбек тәжірибем және мемлекеттік қызметтегі жетістіктерім, сонымен қатар ауыл тұрғындары мен шаруалардың мәселелерімен жақсы таныспын, себебі мен бала кезімнен ауылдық жерде өмір сүрдім.

Қорам ауылдық округінің экономикалық дамуына барлық мүмкіндіктері бар және округтің ыңғайлы орналасуы инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы басқа ауылдық елді мекендер сияқты осы ауылдық округте де өз қиындықтары жетеді, кейде жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелер бар.

Егер мен осы округте әкім болсам, мен өзімнің барлық дағдыларымды, білімімді, бағдарламамды іске асыру үшін саламын. Округ экономикасын көтеру үшін, ауылдан жастардың кетпеуіне, керісінше осы ауылға қайта оралу үшін барлық мүмкіндіктерді қолданамын. Қорам ауылын үлгілі елді-мекенге жеткізіп, Алматы өңірінің көрнекі ауылдарының бірі болуына үлес қосамын. Мен бұл ауылды Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылы, Ақмола облысындағы Родина ауылы сияқты жасағым келеді.

Құрметті ауыл тұрғындары! Өз бағдарламамның әрбір тармағының орындалуын кезең-кезеңімен іске асырып, одан әрі толықтыруға және округті дамытудың стратегиялық жоспарын жасауға ниеттімін.

Менің сайлауалды бағдарламам Қорам ауылдық округінің тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– ауылдық округтегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету;

– ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жандандыру;

– халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету;

– ауылда кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, шағын және орта бизнесті дамыту;

– мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарға жұмысқа орналасуға және оқуға жәрдемдесу, кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету;

– ауылдық округ тұрғындарының саламатты өмір салты мен мәдени бос уақытын өткізуге жағдай жасау.

– мәдениет мекемелерін дамыту және қолдау, бос уақыттың жаңа, қызықты түрлерін ілгерілетуге, көпшілік демалыс орындарын жайластыруға көмек көрсету;

– инвесторларды тарту және ауылдың экономикалық әл-ауқатын көтеру;

– көше жарықтандыру желісін дамыту, жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы бойынша орындарға жіберу, «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқыту және қайта даярлау.

Осы бағдарламаны халықтың белсенді қолдауымен және сенімімен табандылықпен іске асыруға дайынмын.  

Оқылды 700 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет