Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 09:41

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылдық округінің әкіміне үміткер ЕМЕНБАЕВ Тұрсын Әшімжанұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Еменбаев Тұрсын Әшімжанұлы, 1964 жылы 15 ақпанда Еңбешіқазақ ауданы Қорам ауылында дүниеге келдім. Қорам ауылының Қорам орта мектебіне 1971 жылы  бірінші сыныпқа барып,  1981 жылы бітірдім.

Еңбек жолымды 1981-1984 жылдары Алматы қаласындағы құрылыс монтаж басқармасында бастадым. 1984-1989 жылдары Алматы Саулет құрылыс институтында ағаш өндеу технологиясы мамандығы бойынша білім алдым. 1989-1990 жылдары Қазақстан тұрмыс-қажет өтеу техникасының ғылыми зерттеу институтында технолог, 1990-2000 жылдары Қорам темекі совхозында құрылысшы, құрылыс шебері, кассир болып еңбек еттім. 2001-2006 жылдары  Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналында гидротехник,  2006-2010 жылдары Алматы қаласында «Стройтек» ЖШС-де прораб, 2010-2014 жылдары су пайдаланушылар кооперативінің төрағасы, 2014 жылдан 2015 жылдың қазан айына дейін «Ақжолагротранс» ЖШС директордың орынбасары қызметтерін атқардым.

2015 жылың қазан айынын Қорам ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келемін.

 

Құрметті Қорам ауылдық округінің сайлаушылары

 

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан, ауылды көркейтіп, әлеуетін арттыру – менің басты мақсатым. Мен соңғы жылдары Қорам ауылдық округінің әкімі қызметінде ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді күн тәртібіне қойып, оң шешімін табуына барынша күш-жігерімді жұмсадым.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Қорам ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауылдың игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Сайлауалды бағдарламамда төмендегідей бағыттарға басымдық беріп, жұмыс атқаратын боламыз:

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын. Олардың қоғамдық орындарда кедергісіз қозғалуына күш саламын.

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.

– Болашақ – жас ұрпақтың еншісінде. Сондықтан ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түр-лі жарыстарға қатысуларына қолдау көрсетемін. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ тұрғындарының санын арттыруға күш саламын. Бұл ретте жас мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жастардың жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына, шағын және орта кәсіппен айналысып, қайтарымсыз гранттарға қол жеткізуіне ықпал етемін.

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуын ұйымдастырамын.

– Ауылдағы  саяси  ахуалдың  тұрақты  болуын  басты  назарда  ұстау,  саяси ахуалдың  тұрақты болуы үшін әрдайым зерттеулер жасап, талдау  жүргізіп отыру, саяси  ахуалдың тұрақты болуы және әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табу үшін  қоғамдастық, ардегерлер  кеңесі, жастар ұйымы жұмысының белсенділігін арттырамын.

– Ауылда жұмыссыздықты болдырмау, тұпғындарды жұмыспен қамту мақсатында азаматтардың жеңілдетілген несиелер алып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, өз кәсібін ашып, жұмыс жасауға заңдық тұрғыда көрсетілетін көмектер жүйелі жалғасатын болады. 

–  Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес бастап ауылдық бюджет көзделген. Тиісті біліктілік курстарынан өткен, сапалық құрамы жоғары мамандарды даярлай отырып, кәсіби аппарат құрдық,  барлық мүмкіншіліктерді қарастырып салық базасын кеңейтуге жол ашып, түбегейлі зерттеліп, жан-жақты талданғаннан кейін ауыл бюджетін сапалы жоспарлап жұмыс атқардық. Бұл игі істер жалғаса бермек. 

– Шағын және орта бизнеспен айналысуға ауыл тұрғындарын көптеп тарту, ауыл шаруашылығына басым бағыт беру, ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру, өндіріске жаңа сұрыптарды енгізе отырып, жоғары өнімдер алуға қол жеткіземіз.

 

Құрметті қорамдықтар!

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен, Қорам ауылдық округінің  адал, мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

Оқылды 678 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет