Жұма, 08 Қыркүйек 2023 16:48

Алматы облысында биыл 68 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында айтылды.

Жыл басынан бері Алматы облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 68 мың гектар жер аманаттықтардың тікелей араласуымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бүгінде жайылымдарды ауыл тұрғындарына беру мақсатында жер-кадастрлық құжаттаманы ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, заңсыз бөлінген немесе пайдаланылмай жатқан жер мен жайылымды мемлекет меншігіне қайтару – партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі.

«Біздің облыста аталған комиссияның күшімен өткен жылы 113 мыңнан аса гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл жыл басынан бері 68 мың гектар жер қайтарылды. Ал алдағы бес жылда партияның сайлауалды бағдарламада белгіленген игерусіз жатқан тағы 190 мың гектар жер қайтарылатын болады», – деді Қуат Байғоджаев.

Оның айтуынша, Алматы облысы негізінен ауыл шаруашылығы аймағы саналады.

«Өңірде аграрлық секторды дамытудың әлеуеті зор. Халықтың басым көпшілігі ауылдық жерде тұрады. Партиялықтардың міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шаруаларға жағдай жасау. Бұған қол жеткізу үшін жайылым тапшылығы мәселесін шешуіміз керек», – деді ол.

Айта кету керек, 2022 жылдың басынан бастап пайдаланусыз жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

Сондай-ақ жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.

Оқылды 658 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет