Жұма, 04 Тамыз 2023 15:30

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі әкіміне үміткер Байтанов Ернар Нурлановичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Байтанов Ернар Нурланович, 1991 жылдың 1 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылында дүниеге келдім. Ата-анам да осы ауылдың тумалары. 2013 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін аяқтап, жоғары білімімді алдым. Мамандығым – технологиялық инженер.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2019 жылы «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып бастадым. 2020 жылдың шілде айынан бастап, «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында қызмет атқарып келемін.

Құрметті Ақши ауылдық округінің тұрғындары!

Ақши ауылдық округінің барлық негізделген бағыттары бойынша әлеуметтік экономикалық дамуы, гүлденуі және де ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру  мақсатында, жерлестерімнің алдында олардың бүгінгі жағдайы мен болашағына өзімнің зор жауапкершілігімді терең сезіне отырып, төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

Ең алдымен әлеуметтік саланы дамыту, яғни әлеуметтік осал топтағы азаматтарды барлық мемлекеттік тиісті қызметтермен қамтамасыз ету, мемлекеттік және демеушілік көмектерді ұйымдастыру. Әлеуметтік бағдарламаларды мұқтаж азаматтарға барынша жеткізу, азаматтарды жұмыспен қамту және өзіндік шаруашылығын не кәсібін бастауға барлық жан-жақты ақпараттық көмек көрсету. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру. Себебі, әлеуметтік жағдай жақсармаса, біртұтастық, ынтымақ, береке халықтан алшақтайды.

Ауыл шаруашылығын дамыту. Ауылдық округ болғандықтан, басты біздің қозғаушы күшіміз бұл – ауыл шаруашылығы. Бүгінде бұны ұмытып бара жатқан тұрғындар да аз емес. Біз, үкімет және халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас болып, ауыл шаруашылығын мықты қолға алуымыз қажет. Бос жатқан жерлерді пайдаланып, кәсіпкерлерге субсидия, грант, аз мөлшерлі кредит алуына барынша жағдай жасауымыз қажет. Шаруа қожалық иелеріне барынша жағдай жасау, тұрғындардың өзіндік қосалқы шаруашылығын дамыту, округке пайдалы кәсіпорындар ашылуына ықпал ету, ауыл экономикасын жандандыру – дамыған ауыл шарушылығының кепілдігі.

Шешілмей жатқан мәселелерді шешу, округ инфрақұрылымын жаңарту, құрылыс және жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезекпен реттелетіні анық және ол жұмыстардың ақырындап жүргізіліп жатқанына да куәміз. Бірақ бұл жұмыстардың қарқынды жүргізілуі, сапасының жоғары болуы, сондай-ақ пайда болған мәселелерді тез арада шешіп отыру қадағаланады және ұтымды амалдар жасалынады.

Маған дауыс беріп, мені әкім сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– 2024 жылы интернет мәселесі толығымен шешіледі;

– 2025 жылы ауылға магистральді газ жүйесі жүргізіледі;

– 2026 жылы ауылдардағы барлық ішкі жолдар жасалынып, жарықтандырылады;

– 2027 жылы мәдениет үйі қолданысқа беріледі.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен ауылдық округіміздің мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

 

Оқылды 372 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет