Жұма, 03 Маусым 2022 16:56

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ШТАБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Байғоджаев Қуат Сұлтанұлының төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау мақсатында құрылған аудандық партиялық штабының соңғы жиыны өтті.

«Мемлекет басшысы Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Президенттің тарихи шешімдері – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам, еліміздің стратегиялық болашағын айқындайтын бастама. Бүкіл халықтық деңгейдегі референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр, сондықтан партия барлық күш-жігерін конституциялық реформаны қоғамдық қолдауды ұйымдастыруға бағыттауға дайын. Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмауға және тарихи таңдау жасауға тиіс. Егемен еліміздің ертеңі – халықтың қолында!» - деді штаб төрағасы.
Сонымен қатар, Қуат Сұлтанұлы штаб мүшелерінің атқарған жұмыстары жайлы қортындылады. Айта кетсек желілік кестеге сай және кестеден бөлек барлығы 68 іс-шара ұйымдастырылып 26 ауылдық округтің 19-ы, 79 елді мекеннің 37-і қамтылды. Осы аралықта ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келіп халықпен тікелей 10 елді мекенде 10 кездесу өткізді. Ағымдағы жылдың 5 маусым күні өтетін жалпыреспубликалық Референдумға дауыс беретін учаскелерде партия тарапынан 333 өкіл жасақталып, бүгінгі күні арнайы оқудан өтіп партиялық куәліктері табысталғаны жайлы бөлісіп, осынау тарихи сәтте әр азаматты дауыс беруге шақырды.
Сөз соңында Қуат Байғоджаев атқарылған жұмыстарға ат салысқандары үшін партия өкілдері мен штаб мүшелеріне алғысын білдірді.

Қ.ДАРБАЕВА, консультант.

Оқылды 604 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет