Бейсенбі, 02 Маусым 2022 10:48

Оң өзгеріс кемел келешекке бастайды

29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 5 маусымда болатын жалпыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді. Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан өткізілу жоспарлануда. Араға 27 жыл салып конституциялық референдум өткізгелі жатырмыз. Қазір осы референдум өткізу туралы барлық өңірде республикалық штабтың өкілдері өздерінің жұмыстарын жүргізуде.

Қ.Тоқаев Президент болып сайланғанда өзінің бағдарламасының негізгі өзегі етіп үш мәселені көтерді. Бірінші, халықтың әл-ауқатын көтеру, екінші, әділет, үшінші, даму. Қазіргі болып жатқан реформалардың бәрі де Президентіміздің сайлауалды бағдарламаларының логикалық жалғасы деп қарастыру керек.

Конституциялық реформа – қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы. Бұл референдум суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға максималды көшу, Парламенттің рөлін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады.

Осы конституциялық референдумды өткізуге санаулы күндер қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін сәт. Сондықтан ел үшін жаны ашитын әр азамат осы референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы қажет.

Серік НАДЫРБАЕВ,

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.

 

Оқылды 631 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет