Сенбі, 28 Мамыр 2022 13:24

Парламент Сенатының депутаты Лаззат Сүлеймен және қоғам қайраткері Елена Тарасенкомен кездесу

2022 жылғы 27 мамырда Талдықорған қаласында  референдум өткізудің өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сүлеймен Лаззат Жаңылысқызы және қоғам қайраткері Тарасенко Елена Ивановнамен кездесу (жиналыс) өтті.

Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылыры мен ардагерлер, аналар, іскер әйелдер кеңестерінің, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты –Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Жаңылысқызы Сүлеймен Конституцияға енгізілетін жаңа түзетулерге түсініктеме берді.

«Бұл оқиға әрбір азамат үшін өте маңызды, өйткені референдум 27 жыл ішінде алғаш рет өткізіліп отыр және реформа біздің өміріміздің барлық салаларын қамтып, жаңа Қазақстанның демократиялық және әлеуметтік бағдарланған, әділ азаматтық қоғамын құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сенат депутаты.

Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Николаевна Тарасенко өз сөзінде еліміздің барлық жауапты азаматтары мен патриоттарын референдумға қатысуға шақырды.

Әрі қарай сөз сөйлегендер:

– Бақыт Кенесарықызы Чингаева – Жетісу университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының сарапшысы;

– Тұрұсбеков Болат Каметұлы – Талдықорған қалалық референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшесі;

– Сайдилдина Забира Дайранқызы – облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары.

Барлық сөз сөйлеушілер жаңа саяси реформалар өте уақтылы қабылданғандығын және қажет екендігін атап өтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстандағы демократиялық процестерге қолдау білдірді.

 

Оқылды 585 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет