Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов ауданымызға арнайы келіп, ұстаздар қауымымен жүздесті. Салынып жатқан білім ошақтарын аралап, құрылыс барысымен танысты. Саяжай маңындағы Рахат №1 орта мектептің ұстаздарымен жүздескен Жанарбек Әшімжан, Талғат Байеділов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев ұлағат иелерімен еркін форматта тілдесті. Кезекпен сауалдарын жолдаған мұғалімдер бірінші кезекте саяжайға ауыл мәртебесін беріп, инфрақұрылым жүргізу мәселесін көтерді. Жанарбек Садықанұлының айтуынша, бұл мәселе Республика көлемінде көтеріліп,…