Бейсенбі, 10 Тамыз 2023 15:24

Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Өткен аптада аудан әкімі Алтай Машикұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Мәжілісте комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік бөлім басшылары, қала және округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші және екінші мәселе бойынша, яғни №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру нәтижелері мен Квазимемлекеттік секторы субъектілерінің ұйымдық құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін енгізу туралы аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Байғазы Сананұлы баяндама жасады.

– Ішкі талдау жүргізу барысында 2 бөлімде 2 тәуекел табылып, ол тәуе-келдерді жою мақсатында Алматы облысы әкімдігіне ұсыныс хаттар жол-данды. №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жұмысы бойын-ша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент-тігінің Алматы облысы бойынша де-партаментінен ауданымызға теріс ша-ғым болмады. Ішкі талдау жүргізілуі жайлы ақпарат алдын ала жарияланып, ауданымыздың тұрғындарына сыбай-лас жемқорлықтың тәуекелдерін анық-тауға ұсыныстарын қабылдау үшін байланыс нөмірі жарияланған болатын. Биылғы жылы байланыс нөміріне қоңы-рау шалынбады, ұсыныстар түспеді – деді Байғазы Жайлаубаев.

Айта кетейік, №4 «Сыбайлас жем-қорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жо-басы аясында қараша айында ауда-нымыздың 25 ауылдық округ және Есік қаласының әкімі аппараттарында және келесі тоқсанда экономика және қаржы, білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі, аудан әкімінің аппаратына ішкі талдау жүргізілетін болады.

Екінші мәселе бойынша ауданымыз-дың квазимемлекеттік мекемелерінде комплаенс офицерлері жұмыс істей-тінін, комплаенс қызметкерлері арқа-сында ауданымыздың елді мекен-дерінде жыл басынан көптеген  жиын-дар, профилактикалық түсіндіру жұмыс-тары жүргізілгенін айтты. Сыбайлас жемқорлық тақырыпта ағымдағы жылдың басынан ауданымыздағы 19 мәдениет үйі мен клубтарда кезекті жиналыстарын өткізіп, ескертулер мен сын сабақтар назардан тыс қалмағанын баяндады.

Одан әрі комиссия отырысында қаралған үшінші мәселе – автомобиль жолдарын салуда және оларға қызмет көрсетуде атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау-шылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжамбайұлы хабарлады.

«Ауданда жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 2555 шақы-рымды құрайды. Ағымды жөндеу жұмыстарында биылғы жылы 21 елді-мекенде, 67 шақырым жол жос-парлануда. Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар «Приканальная БАК» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба ұзын-дығы 55,7 шақырымды құрайды» – деді бөлім басшысы Бейбіт Искаков.

2022 жылдың 5 айында аудан аумағында 215 жол-көлік оқиғалары, ал, 2023 жылдың 5 айында 130  жол-көлік оқиғалары тіркелген. Оның ішінде, 2022 жылы 206 адам қайтыс болса, 2023 жылы 110 адам қайтыс болған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрген ауылы, Дос-тық – Қ.Құлмамбет көшесінің қиылы-сы, Республикалық маңызы бар «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автомобиль жолы мен Көктөбе ауылы, С.Сейфуллин көшесінің қиылысы, Есік қаласы, Алматы көшесі мен Қарасай ауылына бұрылысына биылғы жылы 3 бағдаршам нысандары орнатылатын болады.

Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ауыл шаруашылығы және жер қатынастар, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолда-ры және тұрғын үй инспекциясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарлама, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы тал-дау жүргізген қорытындылары шыға-рылды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқы-лай отырып, облыс әкімі аудандағы бөлімдердің басшыларына, қала мен округтердің әкімдеріне алдын алу жұмыстарын күшейтуді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайдылық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді. 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 451 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет