Жексенбі, 21 Мамыр 2023 16:51

Елдің мәңгілік құндылығы

Мәдениет пен өнер – егіз. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы. Мәдениет – адам әлемі. Оның көрінісінде парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік үндесіп, игіліктер дүниесі құралады. Сонымен қатар мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни мәдениетті жан. Адам – табиғат жаратылысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады.

Бүгінде ауданымыздың әр өңіріндегі мәдениет ошақтары сондағы елді мекендегі жұртшылықтың рухани шөлін қандыруға зор үлес қосып келеді. Сол үшін өңір жұртшылығының ондағы мәдениет қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз. Біз оларды еңбек адамы немесе кіндік кескен өз өлкесіне адал әрі ғашық перзенттер десек те жарасады. Сондай кейіпкеріміздің бірі – әнші, Бәйдібек би ауылындағы мәдениет үйінің меңгерушісі Рахат Алқожа. Алматы технологиялық университетін биотехнология және Т.Рысқұлов атындағы университетін әкімшілік басқару ісі мамандығы бойынша тәмамдаған Рахат Ибрайұлы 2016 жылға дейін Қазақстан ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маман ретінде қызмет атқарыпты. Ал 2017 жылдан бері аталған мәдениет үйінде еңбек етіп келеді. Оның жастайынан түрлі өнер байқаулары мен бокс додаларынан алған алғыс хаттары мен марапаттары бір төбе. Бүгінде жалынды жас ауыл мәдениетін биік белеске көтеру үшін тер төгуде. 

– Біз 2018 жылы мәдениет үйлері арасында өткізілген облыстық «Ауылым – алтын бесігім» атты байқауда «Үздік мәдениет үйі» номинациясын жеңіп  алдық. Сонымен бірге «Самғар» ұлттық би тобы жақында Алматы қаласында өткен республикалық байқаудың бас жүлдесін еншіледі. Бұл би тобы біздің мақтанышымыз. Олар бұған дейін сан мәрте халықаралық  және  республикалық  өнер бәйгесінде топ жарды. Бүгінде  мәдениет үйінде ән және би, домбыра, қолөнер, «Әжелер» тәлім шежіре отауы, айтыскер ақын Даубай Әбдісай жетекшілік ететін жас ақындар мен жыршылар үйірмелері бар. Мұнда түрлі концерттік іс-шаралар, аудандық байқаулар ұйымдастырып жатырмыз. Ауданда көп жыл мәдениет пен өнер саласында қызмет істеген, қазіргі таңда зейнетін көріп отырған аға-апаларымыз бар, сол кісілердің қолдауы мен үлкендердің, зиялы қауым өкілдерінің берген батасымен жүрміз. Қазіргі кезде ауыл мәдениетін көтеру үшін түрлі жаңаша байқаулар ұйымдастырылуда. Айталық, жанды дауыстағы концерттер өтуде. Сонымен қоса, «Нұршуақ» әжелер ансамблінің жаңа альбомын шығаруды жоспарлап отырмыз. Өз кезегінде біз де ауылдың жас талант иелерін анықтап, оларды қолдау мақсатында аудандық, облыстық және республикалық байқаулар мен концерттерге қатысуына ықпал етіп, көмек көрсетудеміз, – дейді Рахат Алқожа.

Ол жетекшілік ететін өнер ұжымы ауылдағы барлық мерекелік шараларды ұйыдастырумен қатар жыл сайын жұртшылыққа есеп беру концертін өткізеді. Ауылдың рухани ордасына айналған өнер ошағына елді мекен тұрғындары жиі бас сұғып, ондағы мәдени шараларға белсене қатысады екен. Бұл да жалынды жас өнерпаздың табанды еңбегінің жемісі болса керек. Қалай десек те, аудан мәдениетінің дамуы ауыл өнерпаздарының өнер мен мәдениетке деген қызығушылығында жатыр. Біз де мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өзіміз сөз еткен өнер ұжымына толағай табыс тіледік.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 946 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет