Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 14:39

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Елімізде жолдардың заңсыз жабылуы және рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жағдайлары жиілеп (көбейіп) кетті.
Мысалы, 2023 жылғы 17 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының аумағында саяжай алабының тұрғындары "Есік-Саймасай" трассасын жауып, сол арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.
Жоғарыда аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін он адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұдан басқа, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, жиналыстарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сот Еңбекшіқазақ ауданының үш тұрғынын кінәлі деп танып, 8-ден 9 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаны тағайындады.
Бұл тәртіп "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен регламенттелгеніне назар аударамыз.
Баяндалғанның негізінде, сондай-ақ заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.
Алматы облысының прокуратурасы Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады.

Оқылды 1092 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет