Бейсенбі, 02 Қараша 2023 15:24

Ағадан – ақыл, атадан – нақыл, баладан – мақұл болса...

Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ  ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.  Адамнан адам тәлім алады.  Ағадан – ақыл, атадан – нақыл естіп өскен адам тағалаған аттай, өмір соқпағынан сүрінбей өтеді.  Келешек иелерін үлкенге тағзым етіп, кішіге ілтипат көрсетіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған.  Бүгінгі заманның өркениетіне  иелік ететін кезде қоғамда орын алған әттеген-айлар неге көбейіп кетті? Жан-жақтан қаптаған теріс діннің жетегінде жүргендердің басым көпшілігі өзіміздің бауырларымыз бен қаракөз қарындастарымыз.  Жастарымыздың көбі неге қатыгез, дөрекі? Неге ашық-шашық жүріп, жат қылықтарға бой алдыруда?  Еңбекте епсіз, өзгені сыйламайтын тексіздер қатары неге көрініс табуда? Ана тілін неге қастерлемейді?Осындайда «Бізге ұлттық идеология керек пе?» деген заңды сұрақ туады.

Діндегі  дүрбелең – тәрбие таяздығы 

Жақына ауданның құрметті азаматы, Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Мұхаметқалиевтің бастамасымен ардагарлер алқасы бас қосты. Онда дін, жастар тәрбиесі, баспасөздің қоғамдағы рөлі талқыланды.  Нұрлан  Ердәулетұлы жиналыс мақсатын түсіндіріп, сөзді «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжановқа берді. «Ауру емес, сау емес, мінезді қалай түзейміз» демекші, Хайролла Қасымұлы қоғамымызда қынжылтатын жайттар – теріс ағымдағы діннің жетегінде жүргендердің басым бөлігі өзіміздің жас та, жасамыс бауырлар еке-нін, ұялы телефонмен бар уақытын сарп етіп,  неше түрлі пәлеге ұрынып, тіпті, теріс жолға түсіп кететінін, кітап, газет-журналдарды оқымайтынын, сол үшін ұлттық идеологияның қаруы – баспасөзге  жазылуды мүлде қойғанын тілге тиек етті.

Әлеуметтік желілерден, теледидардан, баспасөз беттерінен, тіпті екі адамның басы қосылса, еститініміз «бәленбай сақалын өсіріп, балағын қысқартып,«уахабист» болып кетіпті». Жас қыз-жігіттердің кейбірі дәстүрлі дінімізден ауытқып, басқа жат ағымдардың жетегінде кеткендерін,  ата-анасының пісірген тамағын «харам» деп жемейтін кезге тап болдық. Бұл мәселе туралы сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес  Ұзақов ашына айтты.

– Ата-бабамыздың ұстаған жолымен, далалық дәстүрмен келген ислам дініміз сансаққа бөліне бастады. Біздің қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар, деструктивті культ және оккультизм өздерінің шебін көбейтуде. Осыдан кейін көпшіліктің көкейінде діннің дұрысы мен бұрысын ажырата алмай, күмәнді сұрақ қылаң береді. Ал, негізінде ислам діні бүлікке емес, бірлікке үндейді. «Қазіргі таңда ұрпағына рухани немесе имани тәрбие беретін алдыңғы буынның да діни сауатсыздығынан түсінбеушілік орын алуда. Мектеп жасындағы жас қыздардың жүкті болып қалуы, есірткіге әуестігі, электронды темекіге тәуелділік артуда, Соның салдарынан қатыгездікке бой алдырып, төбелес, ұрлық, басқа да қылмыстарға баруда, – деп қоғамымыздан орын алған кемшіліктерді тоқтатуға әрекет жасау керектігін өз сөзіне арқау етті.

Одан кейін сөз алған Алмагүл Орынбетова, Әлібек Жапекұлы, Айтжан Қашағанов, Әбілбек Айтақынов, Мұхамед Исабеков, Елмұрат Қайыпжанов, тағы басқалар мұндай қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жағдайлардың  ұлттық идеология жұмысының ақсап жатқанынан орын алғандығын айтып, билік пен халыққа көпір болатын үйлестіру ісін жандандыру керектігіне тоқталды.  Шәкірт тәрбиелі болу үшін ұстаз тәлімді болу керек. Мұғалімді сыйламау, ата-аналардың бала тәрбиесіне баса мән бермеу, балаларды жастайынан еңбекке баулымай, бетімен жіберудің салдары келеңсіздікке жол ашуда. Оған тосқауыл болу үшін ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге, әр ауылдың ақсақалдары, жігіт ағаларының көпшілікпен жұмыс жүргізу керектігі айтылды.

Дәстүрлі ислам діні – мемлекет тарапынан ресми танылған, қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие. Қасиетті Құранда: «Түп-түгел Алланың жібімен (дінімен) бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер!» деген. Олай болса, жат ағымдарға еріп, бөлектенбей, өзіміз ұстанған «Ханафи» мазхабымызбен бірігейік!

Қазақстанда өмір сүріп, мұсылман-дығымызды мойындамай, салт-дәстүрімізді тәрк етіп, рухани құндылығымызды жоққа шығару – өз қоғамымыздан алшақтау. Бұл – ақылға сыймайтын іс. Өз дінімізден безіну –  рухани азғындық. Қазақ елі баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан  уахабизм, салафизм, тәңіршілдік, тағы басқа да толып жатқан жат діни ағымдарға қарсы күресу – баршамыздың абыройлы міндетіміз болу керек. Ал, күмән иманды қашырады. Иман бар жерде, жақсылық жерде қалмайтынын естен шығармағанымыз абзал. Тәрбиенің басты байлығы да имандылықта.

Сіз газет оқисыз ба?

Ұлттық идеологияның негізгі ерекшелігі – әрбір адам үлкен мақсат жолында өмірін сарып етуге үндеуінде. Жалпы қоғам үшін айқындалған құндылықтардың жеке адам санасына сіңіріліп, оның сол мақсаттарды өмірінің мәніне айналдыруында. Ал, осы идеологияның басты құралы – газет. Ия, газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Ал, әлеуметтік желіден бар ақпаратты аламын деу – жаңсақ пікір. Кезінде кино пайда болғанда театр жабылады, ал газет шыққанда кітап оқылмайды деген. Кейін теледидар, енді әлеуметтік желілер  қаптап шыққанымен де газетті ығыстыра алмайды. Әлеуметтік желі сізге тек ақпарат берумен шектеледі. Көбінде күмәнді деректер басым болады.Оқиғаны көзбен көріп, оның салдарын сараптап жазып жатпайды, естігенін асығыс жолдауға тырысады.

Соңғы жылдары басылымдарға жазылу күрт азайып барады.  Қолдарындағы ұялы телефонға, компьютерге сүйеніп, интернеттен бәрін тауып аламыз деген ой басым болып барады. Мына қоғамда азаматтарды бір-бірімен айтыстырып, қырқыстырып қоятын құйтырқы жариялымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырата алмай, адастырып жатады. Алдап-арбау да, ақыл-ойынан алжастыру да, теріс жаққа бұру да бұл желілерде көптеп кездесіп жатқаны шындық. Негізінен бір үйде бір адам аудандық, облыстық, республикалық басылымға жазылуды азаматтық борышы санау керек. Өйткені, өз елінің, облысының, ауданының болып жатқан жаңалықтарымен танысып, жан-жақты әрі нақты ақпарат ала алады.

Соңғы 30 жылдай газетке жазылып көрмеген адамдар отбасында біреуі қайтыс болғанда, мұрагерлікке жарнама бергенде, «енді мен газетті қайдан аламын, үйге әкеліп бере ме?» деп сұрап жатады. Түрлі хабарландырулар, жарнамалар, мақалалар берген соң, «менің бергенім газетке шықты ма?» дейтіндерін қайтерсің? Газет тек сондай өздері мұқтаж болғанда ғана керек пе? Соңғы кездері мұғалімдерге әкімдіктен «мұнша басылымға жазыласыңдар» деген тапсырма жоспар беруді «мәжбүрлеу» деп тоқтатып еді, газетке жазылуды «ұмытып» кетті. Бұл туралы зейнеткер Айтжан Қашағанов «Мұғалімдер бірнеше газетке жазылуға міндетті, себебі, ұлағат иелері – қоғамның айнасы, бар жаңалықтан хабардар болуы тиіс» – деп орынды пікір білдірді.

Технологияның дамыған заманында адамдардың бір жапырақ қағаз болса да руханиятын сақтап қалу үшін газетке зәруміз. Бұрынғы қариялар жастанып жатып газет-журналдарды оқушы еді, қазіргілері оны да қойды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов ардагер қоғамының газетіне жазылуды да алға тарты.  Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне жазылу да жыл санап бәсеңдей түсуде. Жиын барысында аудан жылнамасының мәселесі де талқыланды.

Басқосуда кәсіпкер Оспан Әтейбековке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жаугершілік заманында ел қорғаған батырлар рухтарын ұлықтауда қайырымдылық жасағаны үшін жиылған көпшілік ризашылығын білдірді.

Өңірдегі елді мекендердегі қоғамдық ұйымдар, ардагерлер алқасы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы, жігітбасылардың тәрбие, ауыл тіршілігіне араласу,   аудандағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатындағы Шелек қоғамдық үйлестіру тобы құрылды. Бұл топ барлық ауылдық окруктерде кездесу ұйымдастырып, қоғамдық жұмыстарды жандандыру мен білім ордаларында оқытушы, оқушылармен кездесу өткізіп, аудандық, облыстық газеттерге жазылуға белсенділік танытуға шақыру, жат діни ағымдарға ермеуге, ұлттық құндылықтарымызды дамытуға, өлім-жітім кезінде ысырапшылыққа жол бермеуге шақыру жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отыр.  Біз де бұл белсенді топқа іске сәт демекпіз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 454 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Гендерлік құрылым Белсенді қарттар ұзақ өмір сүреді »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет