Жұма, 26 Наурыз 2021 12:09

75 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг жүргізілуде.

Облысымызға  дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2020 жылы жалпы сомасы 158 166,9 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде: 77 086,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 14 904,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 66 175,9 млн. теңгесі Ұлттық банктің қаражаттары болып табылады.

Өткен жылы аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 830,0 млн.теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтар, сомасы 35 641,5 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды. Сондай-ақ, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 23 материал процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолданды. Аталмыш жұмыстардың қорытындысына сәйкес, есепті кезеңде жалпы саны 75 лауазымды тұлғаға 5,8 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.

«Аудит нәтижесі  бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаражаттар бойынша жалпы сомасы 8,5 млн.теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды»,-деп түйіндедіАлматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Бақытжан Мұхамеджанов.

Меруерт Ақбарова

 

 

Оқылды 812 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет