Бейсенбі, 11 Наурыз 2021 17:21

«Маревен Фуд Тянь-Шань» өндірісін кеңейтеді

«Роллтон» және «BIGBON» танымал брендтерімен өнім шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісін кеңейтпек. Қазіргі кезде онда сусын құятын цех пен қойма кешенінің құрылыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта өндірістің толық циклын қамтамасыз ету үшін элеватор мен ұн тартатын цех салу да межеленген. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың компания басшылығымен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, «Маревен Фуд Тянь-Шань» - Қазақстанда 2018 жылы жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалардың бірі. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Арна» өндірістік аймағында орналасқан кәсіпорында қазіргі кезде азық-түліктің 65 түрі, жылына 40 мың тонна дайын өнім шығарылады.
Кездесуде Амандық Баталов өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері жайына қысқаша тоқталып, аймақта Трансұлттық компаниялардың қатысуымен 3 жобаның жүзеге асырылғанын атап өтті. Соның ішінде осы «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының да зауыты бар. «Біз зауытқа темір жол тартып бердік, сыртқы инженерлік желілердің жүргізілуіне көмек жасадық, жеңілдіктер ұсындық, әлі де қолдау көрсетіп келеміз. Кәсіпорынның іргесін кеңейту туралы жаңа бастамаларыңызды да қолдаймыз. Себебі өндірісті кеңейту арқылы сапалы өнімдердің көлемі артады, жаңа жұмыс орындары құрылады. Ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға, қол ұшын созуға дайынбыз», - деді А.Баталов.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС директоры Бернард Вавржин жобаның жай-күйі жайлы баяндап берді. «Үш жыл ішінде зауыт жұмысына 55 млн. доллар инвестиция тартылды, 610 адам жұмысқа қабылданды. Өндірістік желіні кеңейту есебінен жылына 40 мың тонна дайын өнім шығарып отырмыз, алдағы уақытта қуаты 85 мың тоннаға дейін жетеді. Өнім шығару кезінде отандық ұн, тұз, өңірде өндірілетін картон пайдаланылып отыр. 2025 жылға қарай өнімнің 80%-і экспортқа шығарылады. Қазіргі кезде зауыт өнімдері Орта Азия, Ауғанстан елдеріне шығарылуда, Қытайға да жеткізіле бастады. Алдағы кезде сусын құятын, ұн тартатын цехтар мен элеватор желілері іске қосылады», - деді Б. Вавржин.
Амандық Баталов зауытта осы өңірдегі ең өтімді өнім – асылған етке арналған жаймалар шығаруды ұсынды. Зауыт директорының айтуынша, компанияның ондай ойы бар. Зауытта жұмыртқалы кеспеге арналған желі бар, оны қайта жобалау арқылы жайма өндірісін де жолға қоюға болады.
Екі тарап бұдан ары қарайғы да ынтымақтастықтарын меморандуммен бекітті.
Атап өтсек, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС зауытында Германия, Швейцария, Испания, Жапонияның жаңа заманауи желілері орнатылған. 7 желіні кезең-кезеңімен іске қосудың арқасында бүгінде 65 түрлі азық-түлік өнімін шығарып отыр. Соның ішінде «Роллтон», «BIGBON» және «Петра» танымал брендтерімен тез дайындалатын кеспе, макарон, сорпа, езілген картоп, дәмдеуіштер, сусындар, чипсылар мен снектер дайындайды. «Роллтон» макарондары италиялық технологиямен өндіріледі. Шығарылған өнім Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға және басқа да елдерге экспортталады, қазіргі кезде экспорт көлемі 70%-ті құрап отыр. Кәсіпорынды автоматтандыру деңгейі 85%-ке жетті.


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 1008 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Киелі мекеннің келешегі кемел Амал мерекесі »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет