Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2020 17:17

Шырша – орман байлығы

Шырша – орман байлығы Сурет интернеттен алынды

Іле-Алатау МҰТП-ның әр жыл сайын желтоқсан айынан бастап Жаңа жыл мейрамы басталғанша табиғат қорғау органдарының кызметкерлері орманшылармен бірлесіп, шыршаны күзетуге кіріседі. Өйткені жылдың осы мезгілінде бағасы шарықтайтын ормандағы шыршаға көздерін сүзушілер көбейеді. Сондықтан шырша өсетін аймақтарда жол бойына арнайы бақылау бекеттері қойылады.

Шыршаны қорғау мақсатында Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалында мемлекеттік инспекторлар кезекшілік атқарып, шыршаны қорғау акцияларын жүргізуде. Шырша кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалатынын қатаң түрде хабарлаймыз. «Бір күн қызық үшін түп тамыры жүздеген жылдар бойы зорға өсетін шыршаны көздері қиып қалай кеседі екен?!» деп ойлайсың кейде. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бекер айтылмаған шығар.

Әрбір кесілген шыршаның құны – 15 АЕК 41670 тг. шамасында тұрады. Жыл сайын бұл бассыздық жалғаса берсе, күндердің бір күні жасыл желекті алқаптарымыздың барлығын жойып жібергенімізді байқамай да қалуымыз мүмкін.

Сондықтан халықты бәріміз бірге шырша кеспеуге шақырайық. Осы жаңа жыл мейрамында шыршаларды өзіміз жоймайық, өзгелерге де жол бермейік. Осы әрекеттерге тосқауыл қою – біздің міндетіміз. «Жаңа жыл – 2020: шыршаны қорғау» акциясын қолдаңыздар.

 

Қ.Молдасынов,

Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалы

ОҚМЛЛО инженері

Оқылды 1295 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет