Сейсенбі, 15 Желтоқсан 2020 17:02

Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін

Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін mezet.kz

Мерекенің ең үлкені – еліміздің Тәуелсіздігін алған күні. Ата-бабаның қанымен, аналардың зарымен жеткен ұлы күннің қадір-қасиеті әркез биік. Осынау басты мейрамға орай аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтті.

Тәуелсіздік тарихына аз-кем тоқталып, кешегі мен бүгінгі күннің бет-бейнесі жайында сөз қозғаған аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев: «Тәуелсіздікті мәңгі сақтап тұру біздің әрқайсымызға тікелей байланысты, әрі баршамызға артылған ең үлкен міндет», – дей келе «Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін» деп, ұлы мейраммен құттықтады. Расымен, елдің тұтастығы мен береке-бірлігіміз, бүгінгі қадамдарымыз бен болашақ асуларымыз – осынау «тәуелсіздік» деген ұғымды біріктіретін маңызды факторлар.

Жиын барысында әкім ел мен жер үшін тер төгіп, туған өлкенің өсіп-өнуіне еңбегін сіңіріп жүрген азаматтарды марапаттады. ҚР Президентінің «Халық алғысы» мерекелік медалі жеке кәсіпкер А.Еңсебалиеваға табысталды. Сондай-ақ Ә.Жұмағалиев, С.Жұмалиев, С.Төреқұлов «Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы» атанды. Бұдан бөлек Тәуелсіздік күніне орай арнайы мерекелік «Құрмет грамотасымен» мемлекеттік қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер марапатталды. Жиын шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен алға қойған үлкен мақсаттарымыздың барлығы да егемендіктің арқасы. Сондықтан да осынау мерейлі мерекенің қарсаңында ел игілігіне берілетін жаңа нысандардың да салтанатты ашылуы өтті. Көктөбе мен Қорам ауылдарының халқы жаңа салынған дәрігерлік амбулатория құрылысына риза екендерін жеткізді.

Бұл Тәуелсіздік күніне арналған біздің ауданда өтіп жатқан шаралар болса, облыс орталығында – Талдықорған қаласындағы салтанатты жиында да жерлестеріміз марапатталып, ауданымыздың мерейін асырды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қуат Байғоджаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасын» табыстады. Ал еңбек ардагері Елеусіз Сұлтанғазиев «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанса, жеке кәсіпкер Шолпан Қасымбекова «Шапағат» меделімен марапатталды.

Кезінде Әбіш Кекілбаевтың айтқан «Бодандық ұлтты қалай сынаса, бостандық одан қатты сынайды» деген сөзі еске түседі. Осынау сөздің астарын ұғынып, елдігіміздің мәңгілік болуына баршамыздың жауапты екенімізді есте ұстайық.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Оқылды 977 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет