Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 09:18

Энергия өндірудің табиғи жолы

Энергия өндірудің табиғи жолы google.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында былай деді: «– Жуық арада ең өзекті деген мынадай мәселелерді шешуіміз керек. Біріншісі – Қазақстан экономикасының өзін өзі қамту деңгейін арттыру. Бұл үшін қолда бар қуатты шикізат қоры негізінде өнеркәсіп саласындағы өңдеудің тың тәсілдерін дамыту қажет. Біз Қазақстан экономикасының келешектегі құрылымына жаңа көзқараспен қарауымыз керек. Оның өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету сияқты басты салаларының рөлін айқындаған жөн. Басқаша айтқанда, шұғыл түрде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыруға тиіспіз. Энергетика секторына айтарлықтай реформа жүргізу қажет. Дағдарыстан кейін бұл сала бұрынғыдай болмайды. Орта мерзімдегі кезеңде «жасыл энергетикаға» бет бұру – аса маңызды міндет. Ин-дустрияландыру үдерісіне қатысты ұстанымды қайта қарау қажет». Әлбетте, «Жасыл экономика» бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын арттыруға сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. Сонымен қатар, мұнай және газ шикізат көздерін альтернативті түрде алмастыруға болатын энергия түрлерін өндіру.

2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілген болатын. Артынша осынау тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері айқын болды. Бұл бастама сондай-ақ, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында көрініс тапты. 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ІЖӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аудан аумағында аталған жасыл экономика бағытында бүгінде  жел, күн, су ресурстарын пайдалана отырып қуат көздерін өндіру, соған сай заманауи технологияларды пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Энергия яғни қуат  – бүгінде адамзат үшін ең қажетті өмір сүру құралдарының бірі. Мысалға: аудан тұрғындарына қажетті электр қуатының көлемі 28-30 мВт болса, оның ішінде Есік қаласының тұрғындары тұтынатын қуат көлемі 8-10 МВт.

Осы сұранысты қалайда ақтау қажет. Бұл мақсатта бүгінде Шелектің тынымсыз соғатын желінен қуат көзін өндіру мақсатында «Нұрлы ВЭС» ЖШС қуаттылығы 4,5 мВт құрайтын жел электр станциясын іске қосқан. Аталған «Нұрлы ВЭС» ЖШС бүгінгі таңда жел мұнараларының ақуымын ұлғайту арқылы тағы да қуаттылығы 4,5 мВт құрайтын қуат көзін өндіруді көздеуде. Жалпы жұмсалған қаржы көлемі 1,5 млрд теңге. Сонымен қатар, 2018 жылы Нұрлы ауылындағы «СамрукГринЭнерджи» ЖШС бастамасымен қуаттылығы 5,0 мВт  құрайтын жел электр станциясы бой көтерді. Сондай-ақ, «Энергия Семиречия» ЖШС қуат көлемі 60 МВт құрайтын жел электр станциясының құрылысын жүргізуді көздеуде. Бұл нысандар энергия тапшылығын жойып қана қоймай, сондай-ақ экспортқа да шығарылмақ. Келешекте түгесілмейтін энергия көздеріне айналмақ. 

Сондай-ақ, табиғаттың аса қуатты арынды өзендері де қуат көзін өндіруге қолайлы. Атап айтсақ, аудан аумағында «Түрген ГЭС» ЖШС  Түрген өзенінен қуат өндіру мақсатында 1,7 мВт болатын су электр станциясын тұрғызған. Сонымен қатар, «Энергия Әлемі» ЖШС Есік өзенінің арнасында қуаттылығы 5,3 мВт болатын су электр станциясы арқылы ағын су қуатын аудан тұрғындарының игілігіне жұмсауда.  Сондай-ақ, келешекте "Жарық су ЛТД" ЖШС Шелек өзенінің арнасында қуатылығы 33,1 мВт құрайтын су электр сатнциясын және «Бартоғай ГЭС-28» электр станциясын  салу жоспары бар. Ондағы жалпы инвестиция көлемі 6 млрд 400 мың теңге болмақ.

 

Ә.МАНАСБЕК

Оқылды 857 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « 2020 жылы әлеуметтің әлеуеті артады Ауылдар даму жолында »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет