Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020

2019 жылғы 11 айда экспортталатын тауарларға баға 2,4 пайызға төмендеп, импортталатын тауарларға 6,1 пайызға жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-қарашасында экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 26,8, мырыш кендеріне – 15,7, хром кендеріне – 15,1, мырышқа – 4,2, мысқа – 2,6, мұнайға 0,8 пайыз төмендеді. Ал темір кендеріне – 18,3, көмірге – 17,1, қорғасынға – 16,9, қара металдардан жасалған бұйымдарға – 7,8, қара металл илегіне 3,2 пайыз жоғарылады. Бағаның мақтаға 7,1 төмендеуі, олардың бидайға – 26,4, арпаға – 4,2, жүнге 1,7 көтерілуі тіркелді. Импортталатын өнімдерден көкөністер – 37,4, күріш – 10,8, кондитерлік өнімдер – 15,4, сүт өнімдері – 8,3, макарон өнімдері – 7,7, кофе – 6,6, құс еті – 5,2, балық 5,1 пайыз қымбаттады. Қант – 7,7, жемістер мен жаңғақтар 3,9 пайыз арзандады. Баға аяқ киімге – 11,2, фармацевтикалық өнімдерге – 10, құрылыс материалдарына – 7,8, қағаз 7,7 пайызға жоғарылады.

 

Published in Мақалалар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз қызметінен мәлім етті.

Марс Алмабек Марсұлы 1976 жылы 11 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін, Еуразия академиясын бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Ол ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып еңбек еткен. ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі және шекара бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы болған. 2011 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Published in Саясат
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 11:30

Домбыраның сиқырлы сазы

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Украинаның Днепропетровск қаласында міндетті әскери қызметімді атқарып жүрмін. Ол кезде әскери борыш үш жыл мерзіммен анықталатын (қазіргі мерзімді әскери қызмет қой бір-ақ жыл).

Иә, сонымен таңғы алтыдан түнгі онға дейін аяқ-қолға дамыл жоқ. Жалаңаяқ өскен, отын кесіп, шөп шауып, қорадағы малды күтіп үйренген ауыл баласы маған әскери марш-бросок, строевой, таңсәріден тұрып үш шақырым кросс дегендерге аптаға жетпей төселіп алдым. Бірақ...

Иә бірақ! Кешкі астан кейін екі сағат жеке басыңа берілетін уақыт бар. Кітап оқуға, теледидар қарауға, ата-анаңа жолдас-жораларға хат жазуға дегендей. Әскери киіміңді күтіп, жағасын ауыстыру, кирза етікті жарқыратып былғары аяқкиімдей ұстауға да уақыт жетеді. Жетіп артылады. Міне осы артылған уақытта әрнәрсе ойға түсе бастайды. «Наш адрес не дом, и не улица, наш адрес советский союз» – деп кеңестік идеология ауылың, елің түгілі, ұлтыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды ұмыттырып, орыс ұлтының негізінде «біртұтас совет халқын» құрамыз, – деп тыраштанып жатқанда сол одақтың әр түпкірінен келген жас жігіттердің киген киімі – әскери формасы біркелкі хаки деген түспен тігілген матадан болса да бір-бірімен сәлемі де, айтатын әндері мен музыкалық аспаптары да ұлттық үлгіде. Грузиндердікі өз алдына, өзбектікі де өзгеден бөлек, Балтық жағалауындағы елдерден – латыш, эстон, литвалық – әркім өз бұрышында, өз тілінде сөйлесіп жатты әскери казармада. Мен де жалғыз емес едім – бір ауданнан қазақ-орысы бар отыз шақты жігіт бір ротада болдық. Қазақша десең достарым Қуаныш бар, Әскер бар, орыс десең ол жерлестер тіпті көп. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Он сегізге дейін сыртқа шығып көрмегесін елді, ата-анамды ауылымды сағынғаннан болар деп ойлап қана қойып жүргенде төртінші қабаттағы ашық тұрған терезеден домбыра дауысын естіп қалдым. Көкшетауымнан көп қашықта интернет жоқ уақытта, радиотолқыны тек Қазақстанда ғана таратылатын кеңестік тар заманда Днепрдің жағасында домбыра даусы қайдан шығып жатыр?! Елең етіп менің толқыған жүзімді аңғарған дембельге дайындалып жүрген жерлесім – жүр таныстырайын домбырашы жігітпен деп қолымнан жетектей жөнелді. Біздің қазармаға қарсы бетте алтыншы гвардиялық танк армиясына қарасты байланысшылар полкі бар екен. Аға сержант әскери шені бар дембель аға жерлесім кезекшіден Талип Абдрахимовті шақырып бер деп өтінгенше болмай арықша келген қараторы қазақ жігіті мені ертіп келген аға сержантқа «Ассалаумағалейкүм, Досым-аға» деп сәлем беріп маған сұраулы жүзбен тесіле қарағанын байқап:

– Мен екі күннен кейін пойызбен елге кетем. Служба аяқталды. Мына жігіт терезе алдында сенің тартып отырған домбыраңды тыңдап, толқып отыр екен, үйін, елін сағынған болар. Әлі бір жыл қызметің бар, осы жігітке қамқор болуды тапсырам, – деді де мені Ташкенттің қазағы Тәліпке таныстырып өз жұмыстарымен кетіп қалды.

Мен Тәліпке шынымды айттым:

– Үйден шыққалы екі айдың жүзі болды, не бір қазақша ән, не домбыра үнін, күй тыңдамаппын. Бір нәрсе жетпегендей өзіме-өзім келе алмай жүргенде сенің тарқан домбыраңды естіп қана түсіндім – радиодан таңғы алтыдан кешкі 12-ге дейін астанамыз Алматыдан беріліп жататын ән-күй, концерттердің жетіспейтінін. Мен меломан – ән-жырға, домбырадан төгілген күйлерге сонша берілген жан болмағанмен «құлаққа сіңіп, бойды алған» әуендер жетіспейді екен – деп Тәліпке ағымнан жарылдым.

Сонымен, қысқасы, Ташкенттің Тәліп атты қазағына бір сағат бос уақытым болса барып домбырасын, қоңыр дауыспен айтатын әндерін тыңдап жүрдім. Ол болса дембельге, яғни міндетті қыз-метінен босағанда біздің казармаға келіп кім жақсы домбыра тартса, соған осы домбырамды сыйға беріп кетемін деп жариялады да сол жылы ғана әскери қызметке келген өнерлі жасқа аспабын қәстерлеп тапсырып еді...

1990 жылдың наурыз айы. Мәс-кеудегі қоғамдық ғылымдар академиясында кеңестік идеологияның бүгі-шігін игеріп жатырмыз. Кешке отырып әлі түгел құлай қоймаған, бірақ тәлтіректеп әзер тұрған кеңестік одақтың астанасы Мәскеу қаласының теледидарынан «22 наурызда таңғы сағат 10.00-де Замоскворецк мәдениет үйінде Наурыз мейрамы өткізіледі. Келем деушілерге есік ашық. Әсіресе қазақстандықтарды құшақ жая қарсы аламыз» – деген жарнама елең еткізді.

Мәскеудің өзі алып мегаполис болғанмен баратын жерге тармақ-тармақ дамыған жер асты көлігі – метро әп-сәтте жеткізеді. Наурыз мейрамы өз еліміздің өзінде жаңа-жаңа кең етек алып келе жатқан кезі ғой. Қонақ үйде жатып оқып жатқан қазақстандықтар мереке басталмай жатып-ақ жетіп бардық Москва өзенінің арғы бетіндегі мәдениет үйіне. Кең көшенің ашықтау алаңындағы мәдениет ошағынан қазақ әндері, күмбірлеген Құрманғазы, Дәулеткерей күйлері шалқи төгіліп тұр. Көше бойы, алаң толған қазақ жастары-студенттер, Мәскеуде тұрып қалған отандастарымыз. Біздің Алматыдағы республика сарайынан екі есе кең бе дерсің мәдениет үйінің фойесіне қаз қатар үстелдер қойылып, үстіне наурыз көже, тоқаш-бауырсақ, құрт-ірімшік, сусындар қойылғанын қарап болып, тояттанғандай сыртқа шыққан бетте назар аударған көрініс қазақтан басқа ұлттар өкілдері көптеп келіпті наурыз- тойға. Ерекше көзге түскен апыстан асқан орыс азаматына келіп сәлемдесіп жөн сұрастым. Көзі жасаурап, кемсеңдегендей кейіпте тұр екен сол сұхбаттасым. «Неге толқып, жылағандай жағдайда тұрсыз деп сұраймын ғой сол ұмытпасам өзін Иван Андреевич деп таныстырған зейнеткерден.

– Звуки домбры меня взволновали, молодой человек. Я родился и вырос в казахской степи. Пшеницу сеял, хлеб растил. Выбился в большие начальники. И всю жизнь слушал эти домбровые кюи. Они оказывается впитались в мои мозги, в сердце. Домбра, домбра! Великий инструмент казахов, великие издает он, звуки, волнующие мелодии.

Сол кездегі қазақ ССР-нің Мәскеудегі тұрақты өкілі (қазіргіше елші десек те болады) С.Әбділдиннің басқаруымен сондағы тұрған қазақтар мен студенттерді ұйымдастырып, М.Шаханов бастаған өнер адамдары да Мәскеудегі Наурыз Мерекесіне өз үлестерін қосқан еді. Ал Қазақстанда қызмет атқарып, зейнет жасына келгенде Одақ астанасынан пәтер алып Мәскеу тұрғыны болғандардың қазақ даласын, қазақ домбырасын аңсаған орыс-қазақтарды көзім көріп, көңілім өсіп еді сол кеңес одағының соңғы жылында.

Әлеуметтік желіде, сахнада домбыраны насихаттап жүрген жалғыз Димаш емес, орыс Олег Никитиннің өте биік шабытпен Құрманғазының Адайын, С.Тұрысбековтің «Көңіл толқынын» асқан шеберлікпен орындағанын көріп тыңдап жүрміз.

«Нағыз қазақ  қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Домбыра қазақтың жаны, рухани серігі. Осы ақиқатты әлем сезініп келе жатқандай.

 

Х.АХМЕТЖАНОВ

Published in Өнер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берілді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында айтылды. Жақып Асанов Қазақстан Президентіне сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

 

Published in Саясат
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 09:49

#Abai175

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған челлендж.

Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы, Д.А.Қонаев орта мектебінің үстаздары #Abai175

Published in Әдебиет
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 08:52

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1935 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды.

1938 жылы оған Жамбылдың есімі берілді. Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі белгілі ғалым, композитор, қазақ музыкасы мен қазақтың халық әуендері туралы көптеген кітаптардың авторы Ахмет Жұбанов болды.

1992 жылы Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркілердің ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.

1992 жылы КИМЭП университеті құрылды. Республикадағы нарықтық экономиканы дамыту үшін білікті жұмыс күшіне қажеттілік мақсатында құрылды. КИМЭП Университетi оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне өзінің интеллектуалдық әлеуетін толық пайдалану мақсатында өзін-өзі басқаратын автономды мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі беріліп, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталды.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды. 1998 жылы Беларусь астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.

2006 жылы Мәскеудің «Русский раритет» баспасы «Ғасырлар даналығы» сериясы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағын шығарды. Жинақты баспаға әдебиет зерттеушісі Сәуле Мансұрова дайындаған.

2013 жылы алғаш рет қазақстандық пианиношы қыз Хадиша Оңалбаева Steinway Artist құрметті атағына ие болды

2017 жылы Қызылорда облысындағы Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілді.

2017 жылы Астана – Көкшетау күре жолындағы жан түршігерлік апатта жанын пида етсе де, екі жасар баланы құтқарып қалған Құмарбек Жәкетайұлының туыстарына «Батыл жүрек» сыйлығы берілді. Марапат «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының аясында тағайындалды.

2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) ассамблеясы және Дүниежүзілік болашақ энергиясының саммиті (World Future Energy Summit) өтті. Ассамблеяның пленарлық бөлігіндегі отырыста Қазақстан Өкілеттікті тексеру жөніндегі комитеттің құрамына енді. IRENA-ның 9 мүш-мемлекетінен тұратын бұл комитет негізгі басқару органдарының бірі болып табылады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz



Published in Санаты жоқ
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 08:49

#Abai175

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған челлендж. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы, Д.А.Қонаев орта мектебінің үстаздары #Abai175

Published in Әдебиет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет