Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:03

Таланттар жәрмеңкесі өтті

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестивалі биыл 7 рет аталып өтті. Мерекелік іс-шараға осы мектептің ұстаздары мен оқушылары, Ресейдің Алматы қаласындағы елшілігінен Татьяна  Барышникова мен ғылыми жоба бөлімінің басшысы Тамара Зубкова, Талғар қаласының №8 мектеп оқушылары мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері  қатысты.

Фестиваль шымылдығы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құрылған ұлт-аспаптар оркестірінің орындауындағы «Әлқисса» күйімен түрілді. Ары қарай мектеп директоры Бекнұр Мұқашев сөз алып, жәрмеңкеге қатысушы қонақтар мен мектеп оқушыларын фестивальдің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Кеш мерекелік концертпен жалғасты.

Концерттік бағдарламадан кейін «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестиваль жалғасын тапты. Аталған фестивальде оқушылар «Жас ғалым», «Ғылыми жоба», «Жас ақын», «Жас суретші», «Жас тілші», «Спорт шебері», «Шебер қолдар», «Ғылым», «Жас актер», «Ән-вокал» «Дефиле шоу» «Домбырашылар», «Робототехника», «Мәнерлеп оқу»  номинациялары бойынша сынға түсті. Шара соңында Татьяна Барышникова жас таланттар дайындауда жалықпай еңбек етіп жүрген ұстаздарға, мектеп директорына, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мектеп басшысын Алғыс хатпен, жас таланттарды дипломмен марапаттады.

– Мұндай жобалардың көптеп ұйымдастырылғаны бізді қуантады. Бүгінде жас таланттар өздерінің біліктілігін шыңдауға ұмтылады және осы жолда еңбек етеді. Осындай жобалар жастардың арманына қанат бітіріп, өзін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жоба арқылы өзіміз секілді жас талант иелерімен тәжірибе алмастық және көптеген көздің жауын алатын қолөнер туындыларымен таныстық. Алдағы уақытта бұл игі шара жүйелі жалғасын табарына сенім мол – дейді қатысушылар. Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

А.КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Оқылды 853 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет