ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекетіміздің басты стратегиясы. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарынды тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу – жауапты іс. Балтабай орта мектебінде оқу жылының басынан «Оқу құштар мектеп», «Оқуға құштар отбасы» жобалары аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда «ҚР 100 үздік дарынды оқушысы» атты республикалық байқауына Балтабай орта мектебінің 2 сынып оқушылары Ақжол Сандыбек, Алихан Байдаулет, 3 сынып оқушылары Мадина Бақдаулет, Айзере Нұрғазы, Ақмарал Камел, 4 сынып оқушысы Демид Башкатов белсене қатысып,үздік деп танылды.
Сынып жетекшілері М.Жігітекова, Г.Уристенбаева, Ж.Катубаеваның жетекшілігімен және ата-аналардың қолдауымен балалардың жазған эсселері кітап болып жинаққа енді.
Гүлжан УРИСТЕНБАЕВА,
Балтабай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.