Жұма, 28 Қаңтар 2022 09:34

Тәуелсіздіктің алғашқы жемісі

Түрген өңірі – тамылжыған әсем табиғатымен, тарихтан сыр шертер шежіресімен  белгілі аймақ. Еліміз тәуелсіздік алғалы Түрген ауылы жыл өткен сайын түрленуде. Бұл күндері бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 15 мыңнан астам тұрғын тату-тәтті өмір сүріп жатқан құтты мекенге айналуда.

Жыл сайын ақпан айының бірінші жұлдызы – Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектеп ұжымы мен оқушылар үшін дәстүрге айналған мереке. Себебі, осынау жерұйық мекенде 1994 жылға дейін қазақ мектебі болмаған еді. Жергілікті балалар жақын елді-мекендердегі мектептерге қатынап немесе туған-туыстарының үйлерінде жатып оқып жүрді. Бұл жәйт ел ағасы Абыхан Аманбайұлының жанына қатты батты. Ауылға әкім болып тағайындала салысымен қазақ мектебін ашуды өзінің басты міндеттерінің бірі санады. Қажетті құжаттар дайындап, аудандық, облыстық деңгейдегі жиындарда осы мәселені көтерді. Білім басқармаларының табалдырығын тоздырды, ауылға қазақ мектебін ашудың қажеттілігін дәлелдеді. Ақыры ол алдына қойған мақсатына жетті. Сөйтіп, 1994 жылдың 1 қыркүйегінде Түрген қазақ орта мектебінің ашылғандығын паш еткен тұңғыш қоңырау үні естілді. Дәл сол күні бұл қуанышты Абыхан Аманбайұлы тебірене тұрып: «Түрген қазақ орта мектебі – тәуелсіздіктің жемісі» деп мақтанышпен айтқан еді. Абыхан Аманбайұлының мұрындық болуымен Түрген ауылында алғаш рет ашылған осынау мектепте бүгінгі күні  600-ге тарта оқушы оқиды, оларға 68 ұстаз білім береді. Мектеп алғаш ашылғанда жас мұғалім ретінде қабылданған 2 ұстаз «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкерлері» төсбелгісімен марапатталған.

Ел ағасының  еңбегі елеусіз қалған жоқ, Түрген қазақ орта мектебіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №54 қаулысымен  Абыхан Жексембековтің есімі берілді.

Саяси ғылымдар докторы, профессор Венера Абыханқызының  ықпал етуімен мектеп ҚазҰТУ, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алматы қаласы бойынша филиалымен,  Каспий қоғамдық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Тұран» университетімен серіктестік орнатып, тығыз байланыста жұмыс істейді.

Сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы жолында тер төккен, Елбасы Н.Назарбаевпен көп жыл қызметтес болған запастағы генерал-лейтенат, Алматы заң академиясы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші төрағасы Болат Баекенов бастаған бір топ ел ағаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған генерал-полковник Сәт Тоқпақпаев сынды танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналған. 

Биология ғылымдарының кандидаты Мәншүк Абыханқызы Түрген ауылында жаңғақ ағашын отырғызып, оқушылардың  ғылыми жұмыспен шұғылдануларына  барлық жағдайды жасайды. Мектеп ауласына түрлі қылқанжапырақты ағаштар отырғызды. Ұлы Берікпен бірлесе отырып, оқушылардың білім алуға деген ынталарын арттыру мақсатында пән олимпиадаларына қатысқан және озат оқушыларға «Абыхан Жексембеков» атындағы стипендия тағайындап, жыл сайын соңғы қоңырауда табыс етуді дәстүрге айналдырған. Абыхан Аманбайұлының туған күні қарсаңында жыл сайын  аудан мұғалімдері, ауыл тұрғындары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып, «Абыхан Жексембеков жүлдесін» тағайындауды бұлжымас әдетіне  айналдырған. Педагогикалық ұжымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасап, «Заманауи мұғалімдер бөлмесін»  жасақтап берді. Абыхан Аманбайұлының биылғы туған күні қарсаңына әкелеріне арнап, мұражай бөлмесін ашуды жоспарлауда.

«Өз ұлтын, өз перзентін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» – деп І.Жансүгіров айтқандай, Абыхан Жексембековтің туған жерге сіңірген еңбегін ардақтау, бүгінгі ұрпаққа насихаттау – біздің парызымыз.              

 

 Р.ШАЛГЫМБАЕВА,

мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Оқылды 817 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұшқыр ой алаңы Оқуға құштар мектеп »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет