Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 14:48

Тәуелсіздік туын тіккен күн

Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Міне, ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылдығына табалдырық аттады. Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны – азаттық үшін күрес. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерде салғырттыққа салынбай, елі үшін, елінің келешегі, бостандығы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олардың арманы қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі еді. Сол үшін қандай қауіп-қатер болса да, жасымады. Сөйтіп, жерімізді аман-есен қорғап, бізге аманат етіп тапсырды. Міне, бүгінгі таңда ата-бабаларымыз аңсаған бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел атанғанымызға 29 жыл болды.

Мұхтар Шаханов:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, – деп жырлағандай,

еліміздің өрімдей ұл-қыздары 1986 жылы алаңға шықты. Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңестік империяның шаңырағын шайқалтты. Мұз құрсанған желтоқсан ызғарын еріткен жастық жалын иелері сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған арыстарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысын кеудесін тосып қорғады. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым – тек қазақтарға ғана емес, қазақ жерін мекендеген, оған кіндік қаны тамып, бірге қайнап-бітіскен, туған топырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен азаттықпен, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай! Көк туымыз көкте желбіреп, тұғырымыз биік болсын!

 

 Майгүл Сатымбай, 

Н.Островский атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқылды 1165 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет