Жұма, 26 Ақпан 2021 16:18

112 білім ордасының лицензиясы қайта рәсімделді

Ұлт даналығында «Білім – таусылмайтын кен» деп оқудың айшықты орнын айқындап берген еді. Бүгінгі күні аталған байлықты еселейтін, есті ұрпақты білім нәрімен сусындатар оқу ордалары жетерлік. Жастардың жалын атуы мен қатантын кеңге жаюына ықпал етер білім ошақтарының мойнындағы жүгі ауыр. Санмыңдаған бөбектің бойына білімнің дәнегін егу оңай іс емес. Іргелі оқу орындары бұл істі бұлжытпай орындап жатқанымен, нысанадан мүлт кетпеуді қадағалау үшін Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылау жүргізуін тоқтатқан емес.
Жоғары да атлған Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі, мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің жұмысы болып табылады.
Лицензиялау бөлімі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бірі, білім беру қызметіне лицензия беру, екінші білім туралы құжаттарға апостиль қою.
Айта кетейік, лицензиялау "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры арқылы толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады. 2020 жылы барлығы 264 өтініш түскен. Олардың 55-і өтініш берушілер тарапынан қайтарылып алынған. 205 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2021 жылдың басынан департаменке 134 өтініш келіп түсті, 18-і кері қайтарылып алынған. 4 өтінім әлі де қаралу үстінде, 112 қайта рәсімделген жайы бар. 1 лицензия беріліп, 4 лицензияға қосымша беруге бас тартылған екен. .
«Лицензия және лицензияға қосымша беруден бас тартудың жоғары пайызы өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болды»,-дейді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова.
Облыста 760 мемлекеттік және 18 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының атауларының өзгеруіне байланысты ҚР "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 33-бабына сәйкес олардың лицензиялары қайта ресімделуі тиіс. Ағымдағы жылдың 25 ақпанына Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласының мектептерінің 112 лицензиясы мен лицензияға қосымшасы қайта рәсімделген. Қазіргі уақытта Ақсу ауданы мектептерінің лицензияларын қайта рәсімдеу басталды.
Спикердің айтуынша, 2020 жылы облыстың 15 колледжі 28 мамандық, 34 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларды өз еркімен қайтарып алған. Екі колледж оқу орнын жабу туралы шешім қабылданыпты.
Департаменттің тағы бір мемлекеттік қызметі апостиль қою-Қазақстан аумағында берілген білім беру құжатының түпнұсқалығын растау құқығы болып табылады.
2020 жылы білім туралы 228 құжатқа апостиль қойылса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 46 көрсетіп отыр. Былтыр білім туралы 18 құжатқа апостиль қоюдан бас тартылса, 2021 жылы бұл сан 4-ті көрсетіп отыр. Біліктілікті растайтын бұл құжаттарды айқындау арқылы білім саласының үзіктері мен жас білімгерлер өздерін шет мемлекетте шыңдауға мүмкіндік алатын болады.

Оқылды 1913 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет