Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен облыстар карантинге жабылғалы бір айдан асты. Осы уақыт ішінде барлық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынып, адамдардың көшеде себепсіз жүріп-тұруына шектеу қойылды. Сонымен қатар, сауда орындары, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты бекітіліп, карантин ережелерін сақтау қатаң тапсырылды. Заң – барлығымызға ортақ. Сондықтан, оны бұзбау баршамыздың міндетіміз. Алайда, аудан аумағында карантин кезінде заңға құлақ аспай, өздігінше әрекет етіп, қоғамға, тұтынушылардың өміріне қауіп төндірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды. Жақында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісіне сәйкес, Есік қаласындағы дүкендердің бірінде санитарлық…