Әрбір ұлттың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Аты-жөнін, тегін ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жаздыруға да құқылы. Демек, тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын, 70 жыл бойы орыстандыру саясатын басынан кешкен қазақ халқы да аты-жөнін, тегін -ов, -ев, -ева, -ова жалғауларынсыз жаздыруға құқылы. Алайда өзіміз қазақ болуға қалаймыз?... Анығы осы. Аты-жөніңіз бен тегіңізді қазақы жаздыру - таза қазақ болудың алғышарттарының бірі. 1917 жылы жалпықазақ съезінде Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан: «Қазақтың аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «-ов, -ев», – деп жазу тоқтатылсын! Бұдан былай…