Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 15:25

Атқа міну мәдениеті көрмеде көрініс тапты

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында «Есік» қорық-музейінде «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» тақырыбында ерекше көрме ұйымдастырылды.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен көрме экспозициясы сонау энеолит дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі атқа міну мәдениетіне қатысты артефактілерді қамтыды.  Онда қолданыстағы ат әбзелдері, ежелгі арбаның көркемдік реконструкциясы, түркі дәуіріне тиесілі жебелі қылшан, тас бетіндегі сурет-петроглифтердің фотолары, Пазырық кілем көшірмесі және басқа да экспонаттар болды. Олар – «Есік» қорық-музейі, «Ботай» қорық-музейі мен Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі қорларының коллекциялары.

Көрме экспозициясы жылқының қолға үйретілуі, атқа міну мəдениетінің негізін қалап, Ұлы дала өркениетінің ұлы жаңалығы болғанын, адамзат тарихының келесі белестерінде рухани құндылықтарға ие болып отырғанын көрсетті. Жылқыны қолға үйретіп, мініс көлігіне айналдырудың арқасында көне қоғамның мәдени-тарихи көкжиегі кеңейе түскенін айқын көрсете білді. Әлі де болса, көшпенділер ұрпағы ретінде осындай ұлы мәдениеттің қаймағын бұзбай, сақтап келген қазақ халқы жылқыны жеті қазынасының бірі, адал серігі деп қадір тұтады.

Көрме тақырыбына сай экспозициялық тақталары атқа міну мәдениетінің даму эволюциясын көрсететін ретпен орналастырылған. Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын дәлелдеген, энеолит дәуіріне тиесілі Ботай мәдениетіне қатысты материалдар қамтылды. Ботай ескерткішіне жүргізілген кешенді зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми еңбек жазған, осы ескерткішті 80 жылдардан бері зерттеп келген ғалым В.Зайберт. Ғалымның бұл еңбектері, аталмыш қоныстан табылған жылқы бас сүйегі, сүйектен жасалған тұрмыстық һәм ғұрыптық бұйымдар  көрме залына қойылды.

Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болғанын көрсететін – сақ дәуірінің құндылықтары. Шығыс Қазақстан мен Жетісу жерінен табылған  жылқы малына қатысты күнделікті тұрмыста қолднылатын әбзелдер мен жылқыға қатысты ғұрыптық бұйымдар сол дәуірдің ерекшеліктері мен жаңалықтарын аңғарта алды. 

Дала өркениетінің құнды мұрасы, ұлы жаңалықтардың бірі – үзеңгілі қатты ер-тұрманның ойлап табылуы. Әрі ол түркі дәуірінде жүзеге асып, адамзат баласының материалдық мәдениеті тарихының үлкен серпілісне әкелді. Көрме экспозициясында осы дәуірге тиесілі Жетісу жерінен археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған сулық, ауыздық, үзеңгі және т.б ат әбзелдерінің бөлшектері қойылған.

Көрме экспозициясының келесі тақтасында Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің коллекциясы қойылған. Мұнда ерлердің адам жасына қарай қолданылатын, жасалу әдісі мен материалына байланысты түрлері, жүген, тұсамыс, шідер және т.б жылқы жабдықтары бар.

Көрменің идея авторы – қорық-музейдің бас суретшісі Дәулетбек Бектеміров. Көрменің тұсаукесеріне  «Ботай» музей-қорығының ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Сабина Амирова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ғани Омаров, аға оқытушысы Бауыржан Бесетаев, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаров, суретші-реставраторы Құрманғазы Қадыров қатысты. Көрме шымылдығын қорық-музей директоры Гүлмира Мұхтарова ашса, экспозициясын қазақ және орыс тілдерінде қорық-музейдің бас қор сақтаушысы Ермек Жасыбаев пен аға ғылыми қызметкері Әсел Жақсылықбайқызы таныстырды. 

Әсел АМАРГАЗИЕВА,

«Есік» қорық-музейінің қызметкері

Оқылды 1202 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет