Халқымыз адам туған күннен бастап, шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тілашар, сүндет той, жасқа келу, қыз ұзату, үйлену тойы т.б. өткізу, жаназа шығару, бақилыққа жөнелту, еске алу әрқайсының өзіне тән жөн-жоралғыларды сақтап, қоғамдық даму жолдары ерекшелігіне қарамай, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрін қатаң жалғастыруда. Бүгінде қалың мал, әмеңгерлік т.б. дәстүрлер күн тәртібінен шыққан. Үкі тағу, келін түсіру, қыз ұзату, беташар, өлі-тірі, дорба, ана сүті, шапан ауысу – екі жақты сыйлау, құйрық бауыр, бас, жамбас, төс ұсыну, бата беру, жар-жар, беташар, тойбастар еш…