Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 09:32

Шекара аймағының тұрғындары және қонақтарының назарына!

Еліміздің шекара аймақтарындағы көркіне көз тоймайтын әсем жерлерін көру үшін алыстан ат арылтып келетін туристер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Хаңтәңірі, Іле Алатауы мемлекеттік қорығы, Көлсай, Шарын шатқылы,... осылай тізіліп кете береді. 

Осыны басты назарға алған ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, шекара маңы аудандарында кіру (өту), уақытша болу, жүріп-тұру, шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шекара аймағында және шекара бойында қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі белгіленгенін хабарлайды.

Еліміздің мемлекеттік шекарасында және шекара белдеуінде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Egov» электрондық үкіметтің сайтында өтініш беру арқылы шекара белдеуіне кіруге және болуға рұқсаттама береді.

Осы орайда, шекаралық режімді және мемлекеттік шекара режімін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 және 514-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Қазіргі саяси жағдай біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін үлкен алаңдаушылық туғызады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халқымыздың ортақ міндеті болуға тиіс. «Шекараны бүкіл халық қорғайды» атты қағида бүгінде барған сайын өзекті бола түсуде. Барлық азаматтарды саналы болуға және мемлекеттік шекарада бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.

Ақпараттар бойынша ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментімен хабарласуға болады: 8 (727) 267-64-45.  

Оқылды 439 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет