Мереке мен демалыс күндерін қосқанда қазақстандықтар желтоқсан айында барлығы - 11 күн демалады.
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай аптаның сейсенбісі - демалыс. Тәуелсіздік күні 16- 17 желтоқсан күндері ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан күн қосылып, мерекеге орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. 18-і күні демалыс болғандықтан 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген.
Осылайша, қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.