Жұма, 13 Қараша 2020 15:23

Спорт шеберіне куәлік табысталды

Жақында аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев ауданымыздағы спорт саласын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлес үшін Ерасыл Солтанғалиұлы мен бапкері Тахиржан Махмутовты Алғыс хаттармен марапаттады.

Спортшыларды қабылдау барысында Айбек Дүйсембекұлы спорттың адам өміріндегі, қоғам-дағы маңызына тоқталып өтті. Және де осы салада талмай еңбек етіп, жеңіл атлетикадан әлемдік додаларда ел намысын қоғап жүрген Ерасылға ризашылығын білдірді.

– Спорт – адамның серігі, денсаулық кепілі. Онымен айналысып қана қоймай, өзгелер-ге дәріптеу, сол саланың биік шыңына жету – екінің бірінің қолынан келмейтін игі іс. Жас болсаң да, осындай жетістіктерге жетіп, биіктен көрінгенің – бапкер еңбегінің жемісі – деп, Ерасылға табанды еңбек пен төккен тердің арқасында қол жеткізген «Спорт шебері» куәлігін табыстады.

Айта кетейік, Ерасыл Солтанғалиұлы 2000 жылы 12 мамырда туылған. 12 жасынан бастап спортқа бет бұрған. 2014 жылға дейін жүзумен айналысқан Ерасыл 6 жылдан бері жеңіл атлетикада өнер көрсетіп жүр. Жақында Ақтөбе қаласында өткен паралем-пиадалық ойындар барысында 1 орынды иеленіп, спорт шебері атағын қорғап шыққан. Ерасылдың бұған дейін де жеткен жетістіктері жетерлік. 2014 жылы Лондон қаласындағы чемпионатта ІІ орынды иеленген. Сондай-ақ, әлемдік бәсеке-лерде үздік бестіктің, елімізде де үздіктердің қатарында.

– «Армансыз адам – қанат-сыз құспен тең». Өзім келешекте әлемдік бәсекелерде топ жарып, еліміздің көк туын желбі-ретсем деп армандаймын және соған жету мақсатында еңбек-теніп жатырмыз – дейді Ерасыл.                       

С.НҰРАДИН

Оқылды 1120 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет