Жұма, 05 Маусым 2020 08:45

Сапалы жұмыс – өркендеу кепілі

Сапалы жұмыс – өркендеу кепілі mezet.kz

Бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы аясында ауданымызда тұрғындарды осынау қиын-қыстау кезеңде жұмыспен қамту үшін аудан аумағында 106 нысан бағдарламаға қосылып, жол жөндеу, әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы, ағымдағы және күрделі жөндеу, су құбырларын, электр желілерін жаңғырту мен жарықтандыру сияқты бағыттарға 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде, 2000-нан астам жұмыс орны ашылып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арнайы бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 1000-нан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің ағымдағы жылдың 11 мамырдағы шешімімен «2020 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру барысын қоғамдық бақылау бойынша Алматы облысының комиссиясы бекітілген еді. Оның негізінде Еңбекшіқазақ ауданының мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен тұратын 7 жұмыс тобы  жақында 106 нысанның жұмысымен танысып, талдау жасады.

Есік қаласы бойынша мәдениет үйінің күрделі жөндеу, 1500 орындық жаңа мектеп құрылысы, Абай, М.Мәметова, Р.Тоқатаев және 15-тен астам көшелер күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстармен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев бастаған топ танысып қайтты.

Сапар барысында Бекет Төлегенұлы анықталған кемшіліктерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған азаматтарға бақылау жасалынбаған. Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне жалпы жос-пар бойынша кезең-кезеңімен 85 адам жұмыспен қамтылу керек. Бірінші кезеңге мердігердің айтуынша, 14 адам алу қажет болған, бірақ бүгінгі таңда орталық арқылы тек 6 адам жолданған болса, оның 4-еуі жұмысқа шықпаған. Осыған ұқсас  жағдайлар барлық нысандарда орын алып отыр. Жолданған азаматтардың бір бөлігі төленетін жалақының аздығынан жұмыстан бас тартса, кейбіреулері мүлдем жолдама алған күннен бастап жұмысқа келмеген. Бұл өз кезегінде жұмыс берушілердің бекітілген кесте    бойынша жұмыс істеуіне кері әсер етуде.

Сонымен қатар, Есік қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығына қарамастан көлік қозғалысы көбейген. Әсіресе, ХҚКО ашылғалы бері Абай көшесінің бойында кептеліс қайта басталған. Ол жөндеу жұмыстарына кері әсер етіп отыр. Осыған орай орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді жабу туралы ұсыныс енгізілді.

Алдағы уақытта Р.Тоқатаев көшесінде, Алтын адам аллеясында (жаяу жүргіншелер жолағы) басталатын орташа жөндеу жұмыстарының барлық техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуын,  жұмысы аяқталып қалған М.Мәметова көшесінде барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы да бірқатар ескертулер жасалынды.

Жаңадан жасалған көшелерде бей-берекет қазу, өз бетінше кедергі жолақтарын (лежачие полицейские) салудың алдын алудың да маңыздылығын атап өтті. Аталаған көшелерді қазу жұмыстарын жүргізу, су құбырын өткізу немесе өзге де жол жабындысын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерді тек заң талаптарын сақтай отырып, тиісті әкім аппараты мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің хабардар ете отырып, олардың рұқсатымен іске асыру керектігі, осы бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды.

Рейд соңында топ мүшелері Есік қаласында салынып жатқан 1500 балаға арналған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. Туындап отырған мәселелер бойынша Бекет Ахметов пен құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер «BI Group»  компаниясының аталған аумаққа жауапты өкілі тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар-дың сауалдарына жауап берді. Тұрғындар негізінен көпжылдық ағаштардың кесілуі, жолдың қалыпқа келтірілуі, мектеп ғимарат мен көпқабатты үйлердің арасында сақталатын ара-қашықтықтың сақталуына байланысты шағымданды. Жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары аяқталысымен мектеп ғимаратының аумағы абаттандырылып, жаңа көпжылдық ағаштар отырғызылатын болады. Көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамсыз ету мақсатында жаңадан асфальт төселеді. 

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 1954 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет