Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 10:02

15 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет шығындары өтеледі

Дүйім жұртты дүрбелеңге салған коронавирустың таралуына байланысты, ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Үкіметке және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне карантин кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін төмендету бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осыған орай, Республикалық Төтенше жағдай штабы отырысында аталған тапсырма талқыланып 2020 жылғы 18 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №212 бұйрығымен «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидалары» бекітілді.

Алматы облысы бойынша 248 395 азамат коммуналдық қызметтердің шығынын өтеп алушылардың санатында бар.

Коммуналдық қызметті тұтынушының атында аталған қызмет түрін тұтынатынын растайтын есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеледі. Айта кетерлігі, үкімет тарапынан берілген көмекті алу үшін арнайы санатқа жататын жеке тұлғалар өтініш жазуы керек.

Комсуналдық қызметтің шығындарын өтеп алуға құқығы бар адамдардың санаты:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.

Осы санаттағы азаматтардың бір айлық коммуналдық шығындарын шамамен оң бес мың теңге деп алғанда екі айға 7,5 млрд.теңге қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған.

Облыс аумағында халыққа коммуналдық қызметті түрлі меншіктегі 138 мекеме көрсетеді, оның ішінде:

- Электр қуатын беру – 2;

- Газ беру – 9;

- Су және кәріз – 33;

- Жылу беру – 17;

- Лифт қызметі – 2;

- Қалдықтарды шығару – 75.

Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, ақпараттық жүйе арқылы, ол болмаған жағдайда call-орталық (жергілікті әкім аппаратының жұмыс телефонына хабарласып біле аласыздар) арқылы өтінім береді.

Өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушының есепшотына қаражат аударылады.

Анар САБЫРОВА

Оқылды 2979 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет