Жұма, 24 Қаңтар 2020 09:20

Кешенді өнідірс қоймалы болды

Жақында Асы ауылдық округіне қарасты Қызылшарық ауылында «АLMA MATER FIELDS» ЖШС алма сақтауға арналған қоймасының ашылу салтанаты өтті.

Заманауи агротехнология мен инновация бүгінгі таңда ауылшаруашылығының кез-келген саласымен тиімді айналысуға мүмкіндік туғызуда. Мұны, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 17 қыркүйегінде ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі келелі кеңесте кеңінен айтқан еді. Атап айтсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде тұрақты әрі жоғары сұранысқа ие өсімдік дақылдарын өсіруге көшу есебінен еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін жеткізді. Бұл құнарлы қою топырақты, мол сулы ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге оңтайлы жер иелеріне қарата айтылған нұсқау. Бұл бағытта Асы ауылдық округіне қарасты Қызылшарық ауылында орналасқан «АLMA MATER FIELDS» ЖШС біршама жұмыстар атқарған. 2017 жылы алғашқы алма көшеттерін 126 гектар жерге еккен компания, 2019 жылы бақ көлемін тағы да 90,5 гектар ұлғайтқан.  Супер интенсивті голландиялық технологияны қолдану арқылы олар көшеттерді түрлі зиянды табиғи факторлардың ықпалынан қорғауды көздеген. Айталық, Шелектің желі әлі тамырланып үлгермеген әлсіз көшеттерді суырып алмауы үшін олар арнайы тас діңгектер орнатқан. Оның бойымен сым темірлер тартқан. Оған көшеттерді байлап тік өсуіне әрі жел күшімен жұлынып кетпеуіне жағдай жасаған. Сондай-ақ, көшеттерді бұршақ ұру қаупінің де алдын алған. «Ол үшін алмалы бақтың төбесі түгелдей тор жамылғымен жабылады. Бұл балғын көшеттерді және жемісті бұршақ ұру қаупінен сақтаса әрі күн сәулесінің тікелей түсіп күйдіріп кетуінен қорғайды. Сонымен қатар көшеттер үшін қажетті климаттың сақталуын қамтамасыз етеді» – дейді, «АLMA MATER FIELDS» ЖШС шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Дмитрий Нарбутовских. Көшеттер арнайы Голландия және Италиядан әкелінген.

Алманы теріп алғаннан кейін оның сақталуын қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта  «АLMA MATER FIELDS» ЖШС аталған қойманы салған. Сыйымдылығы 3600 тонна. Бұл да голландиялық технологияның жемісі. Яғни алынған өнімді 1 жылға дейін мұртын бұзбай сақтауға мүмкіндік береді. Ал жалпы жобаға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 6,533 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау білдірген. Тұрақты жұмыспен 40 адамды қамтыса, жиын-терін уақытында 200-ге жуық қосымша жұмыс күші тартылады.

Қойманың ашылу салтанатына «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жәкеев, «АLMA MATER FIELDS» ЖШС директоры Данияр Абдулғафаров, Асы ауылдық округінің әкімі Ұлан Сағынбеков және ауыл ақсақалдары арнайы шақырылды. Олар бірауыздан ізгі бастамаға ақ тілектерін арнап, ақсақалдар ақ батасын берді. «Отандық компанияға жан-жақты қолдау білдіру арқылы біз ауылшаруашлығы саласын дамытып, игерілмей жатқан жерлерді халық игілігі үшін пайдаланатын боламыз. Шет мемелкеттерден кіретін күдікті өнімдерге шектеу қоямыз, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттырамыз» – деп, ой бөлісті шақырылған қауым. Осыдан кейін салтанатты лента қию рәсіміне  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев және «АLMA MATER FIELDS» ЖШС директоры Данияр Абдулғафаров шақырылды. Олар рәсімді аяқтағаннан кейін шашу шашылды. Еңбек жемісті болсын деген тілектер айтылды. 

 

Әділет САРЫБАЙ

Оқылды 1727 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет