Бейсенбі, 12 Қараша 2015 11:45

Жұлдызды ғұмыр

Шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл. Даналық пен даралықтың, білім мен біліктің риясыз көрінісіндей болған Шоқан Шыңғысұлының жұлдызды ғұмыры бүгінгі ұрпаққа өнеге.

 

Шоқан (шын аты Мұхаммед-Қанафия) ғұмыры қысқа болды. Аққан жұлдыздай аз уақытында Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеді. Зерделеді. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылды. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты боп тағайындалды. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырымен таныс еді. жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған «Тоқтамыс ханның жарлығы» мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындайды.

1858-59 жылдары жасаған Шоқанның Қашқарияға сапары Қазақстанның ғана емес, әлемнің тарихи кітабында алтын әріппен жазылып қалды.

Бүгінде осындай тұлғаның есмін арқалаған мектепте арнайы мұражай бар. Онда ағартушының жүріп өткен жолы, елге сіңірген еңбегін айғақтайтын бірнеше құнды туындылар тұрақтаған. Мектеп оқушылары апта сайын мұражай ішін барлап, Шоқан Шыңғысұлының  тылсымдарын ашуға ынтық. Мұның бәрі де кемел келешектің өсіп келе жатқанын білдірсе керек.

Қорыта айтсақ, Елбасы айтпақшы «Тарихта біз ұялатын ешнәрсе жоқ». Тек заман талабына оны зерделеп, зерттеп ұрпаққа аманат етіп қалдырсақ болғаны.

К.ӘНУАРБЕК,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мұғалімі.

Оқылды 8824 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жұлдызды ғұмыр Жұлдызды ғұмыр »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет