Бейсенбі, 15 Қазан 2015 12:15

Қариялы ел – дариялы ел

Қадірлі қазағым өмірдің барлық жайын ескере білген ғой, шіркін. Содан да шығар «Өсетін елдің қарты қазына болар» деп дәл айтқаны. Ауданымыздағы қазыналарымызды жинап, «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасы аясында жақында қалалық әкімдіктің мәжіліс залында аудандық «Батагөй қария» сайысы өтті. Ұйымдастырушы – С.Сәлімбаев бастаған аудандық ардагерлер кеңесі.

 

«Алпыс – дер шағы, жетпіс – мәр шағы, сексен – жер шағы» демекші, аталарымыз еңсеріп тұрған жастарына қарамастан иықтарына ою-өрнегі келіскен қазақы шапандарын жауып, ауылдарының намысын арқалай келді жарысқа. «Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген осы болар. Есік, Ақши, Жаңашар, Қаражота, Қаракемер, Қаратұрық, Көктөбе, Тескенсу, Қазақстан, Шелек округтерінің ақсақалдары сайыс ережелері бойынша бір-бір билет алып, сол жерде берілген тақырыптарға сәйкес бата түрлерін көрсетті. Батагөй қарияларды сын тезінен өткізіп, баға беруге аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық қорының төрайымы Роза Исатаева атсалысты. Қазыналы қарттар қазақтың қара домбырасын қолдарына алып, ән шырқап, бір жадырасып қалды. Сонымен, сайыстың нәтижесі бойынша Тескенсу округінен келген Серікбай ата Ахметов пен Қаражота округінен ат арытып келген Әбдуәли ата Жұмаханов батагөйлікпен оза шауып, алдыңғы орындарды иеленді. Жас та болса ақшилік Барат Әлиакпар үздіктер қатарынан көрінді.Жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталып, сый-сияпатқа қол жеткізді. Сонымен қатар, байқауға қатысушы барша қариялар «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарын алып, мәз-мейрам болысты.

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 5912 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қариялы ел – дариялы ел Қариялы ел – дариялы ел »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет