Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 14:31

Бақылаудың жаңа нысандарын енгізу - "Қоғамдық бақылау"

Назар аударыңыз! Алматы облысының тұрғындарын "Қоғамдық бақылау" жобасына қатысуға шақырамыз! Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері болып табылатын құқық бұзушылықтарға қатысты нөлдік төзімділікті күшейтуді жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба – "Қоғамдық бақылау" жүргізуліде, оның мәні салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары туралы МКК бейне және фотоматериалдарды беру арқылы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру болып табылады.

Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 6984  өтініш келіп түскенің хабарлайды.

2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді.

Оның ішінде Алматы облысы 55 факті расталды.

Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.

Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.

Сондықтан, сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.

Фискалдық чек берілмегендігі туралы фактілерді App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек бермеу фактісі расталған жағдайда телефон балансына сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын іске қосты

Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын іске қосты. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.

Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.

#ҚРҚММКК #БКМ #чек #салық

Оқылды 2749 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет