Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2019 09:58

31 желтоқсан. СЕЙСЕНБІ. Есте қалар оқиғалар

1943 жылы Павлодарда Құрманғазы атындағы музыкалық мектеп ашылды. Мұнда соғыс жылдары фашистер басып алған қалалардан көшірілген адамдар сабақ берді. Сол кезде жеңіске жетуге әлі бір жарым жыл уақыт бар еді, қаланы аштық пен суық жалмады, алайда қала тұрғындары Жеңістен үміт үзбей, өз балаларын музыканы оқытуға берді.

1994 жылы академик Зейнолла Қабдоловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

1994 жылы әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Шет елдерде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бекітілді.

2004 жылы Алматыда Қазақстанның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» журналының бірінші саны жарық көрді. Жаңа журналда тарих, мәдениет, қазіргі Қазақстан қоғамы туралы түрлі тақырыптар қозғалды.

2013 жылы Еуропалық бизнес ассамблеясы мен әлемнің 54 елінің ғалымдарын ұсынатын Еуропа ректорларының клубы «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі» үшін орденімен «Ғылымдағы есім» құрметті атағын алған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы, техникалық ғылымдар докторы Марат Нұрғожинді марапаттады. Қазақстандық ғалымның есімі XXI ғасырдың көрнекті ғалымдарының халықаралық тізіміне жазылды.

2014 жылы қоғамның түрлі әлеуметтік маңызды салаларын жарыққа шығаруға үлес қосқаны үшін журналист, «ҚазАқпарат» ХАА Алматы тілшілер бюросының басшысы Сара Мұстафинаға «Бес қару» заңды тұлғалар бірлестігі алтын медаль табыстады.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Оқылды 3154 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет